Таразда ұялы телефондардың IMEI-кодтарын өзгерткен екі күдікті ұсталды

0 0

Таразда ұялы телефондардың  IMEI-кодтарын өзгерткен екі күдікті ұсталды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұялы телефондардың сәйкестендіру кодтарын яғни  IMEI-код заңсыз өзгертті деген күдікпен екі адамнан тұратын қылмыстық топты анықтады. Атап айтқанда, Тараздың 37 және 25 жастағы екі тұрғыны ұрланған смартфондардың IMEI-кодтарын өзгерту дерегі бойынша күдікті деп танылуда.

Санкцияланған тінту жүргізу барысында күдіктілердің пәтерінен дербес компьютер, ipad және 60 дана ұялы телефон табылып, тәркіленді. Олардың барлығы ұрланған телефондардың базасы бойынша тексерілуде.

Сонымен қатар, аталған азаматтарға ұялы құрылғыларды жеткізіп, сатып алған, кейіннен нарыққа өткізген деген күдікпен 33 жастағы облыс орталығының тұрғыны қолға түсті.

Қазіргі уақытта компьютерлік технологияларды зерттеу бойынша сот-техникалық сараптама тағайындалды. Қылмыстық кодекстің 213-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.