Жексенбінің жайдары күнінде оқырмандармен қауышқанымызға шын жүректен қуаныштымыз.

Осы күні фаст-фуд тағамдары өмірімізді әбден жаулап, аттап басқан әр қадамымызда алдымыздан шығатын болды. Осы орайда оқырмандарға қызық болар деген ниетпен осы туралы кейбір фактілерді ұсынамыз.

Америкада әрбір 10 адамның тоғызы кем дегенде айына бір рет Макдональдс ресторанына барады. Америкалықтар 1970 жылы фаст-фудқа 6 миллиард доллар жұмсайтын еді. Бұл көрсеткіш 2011 жылы 142 миллиард долларға өсті. Тоқсаныншы жылдары гамбургер кедейлерге арналған зиянды тағам болып есептелінетін. Оны қала көшелерінде ғана үйсіз-күйсіз адамдарға сататын болған. Тек кейінірек бұл тағам ресторандарға жол тартты. Солтүстік Кореяда Кока-Кола мен Песпи-Кола сатылымда жоқтың қасы. Гамбургер туралы БАҚ-тарда алғаш рет 1894 жылы Los Angeles Times газетінде сөз болды. АҚШ-тың өзінде фаст-фуд сататын 300 мың ресторан жұмыс істейді. Ричард және Морис Макдональдтар өздерінің алғашқы ресторанын 1949 жылы Калифорния штатындағы Сан Бернардинода ашты. Макдональдс Бразилиядағы халықты жұмыспен қамтып отырған ең үлкен компаниялардың бірі болып саналады. Макдональдс ресторандары ашылар тұста желі иелері сатып алушылардың ресторанда ұзақ уақыт отыруын қаламағандықтан, бөлмеге ыңғайсыз орындықтар қойып, ойын-сауық автоматтарының болмауына барынша көңіл бөлген.  Ғалымдардың айтуынша, гамбургер жасау үшін пайдаланылатын еттің түрлері ауру тууына себепші болады. Автокөлік жүргізушілеріне қызмет көрсететін фаст-фуд дүкені алғаш рет  1919 жылы Калифорнияда A&W Root Beer деген атпен ашылды. 1990 жылы Макдональдстағы фри картофельдерін пісіруге сиыр майы қолданылатыны белгілі болғаннан кейін Мумбайдағы вегетериян үндістер желінің барлық дүкендеріне шабуыл жасап, қиратқан екен. Фри карофельдерінің көпшілік арасында кең етек жайғандығы соншалық, оның сатылымының көлемі шикі картоптардан да асып түсті. Мысалы, тек 2010 жылы американдықтар 3 миллион тонна  фри картофелін жеді. Рональд Макдональд америкалық балалар арасында Санта Клаустан соң ең танымал тұлға болып есептеді. Фаст-фуд тағамдарының кең етек алуы америкалықтардың күрт семіруіне әкелді. Америка ауруларды бақылау орталығының есептеуінше, семіздіктен жылына 248 мың америкалық өледі екен.

Дереккөз: massaget.kz 

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here