Жамбыл облысында «Ізгілік елшісі» жобасы бойынша 66 отбасыға сыйлық және материалдық көмек көрсетілген

0 10

«Ізгілік елшісі» жобасы жанындағы еріктілер тарапынан мемлекеттік орган және кәсіпкерлермен тығыз байланыс орнатылып 66 отбасыға сыйлық және материалдық көмек көрсетілді. Бұл туралы ӨКҚ алаңында Жамбыл адалдық алаңы жобалық офисінің жетекшісі Қайрат Меклисов айтты, деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Адалдық алаңы аясында «Ізгілік елшісі» жобасы жанында штаб ұйымдастырып және де ол штаб жанында мұқтаждар, демеушілер және еріктілер пулы құрылды.

Сонымен қатар, демеушілердің арқасында «Камқор» әлеуметтік дүкені жұмыс жасап, аталған дүкенде еріктілер кезекшілікпен қызмет атқарып келеді. Еріктілер жинаған заттардан әлеуметтік дүкен арқылы желтоқсан-қаңтар айлары ішінде 246 азаматқа 762 келі киім кешек берілді.

Айта кетейік демеушілер арқылы және Департаментпен ұйымдастырылған қайырымдылық іс-шаралары негізінде «Өркениет» қоғамдық қорының ұймдастыруымен  жағдайы төмен отбасынан шыққан оқушыларды грантқа түсіру үшін қосымша оқу курсынан өтуге 8 оқушыға қолдау көрсетілді.

«Жамбыл –адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысы туралы 1500 жуық материал бұқаралық ақпараттық құралдарында жарық көріп, әлеуметтік желілерде 1200 аса пост шығарылды.

Сонымен қатар, адалдық пен парасаттылықты тәрбиелеу бағыты бойынша жастар арасында кеңінен қолдау көрсетуде, сол себепті де бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.