Тараз қаласындағы мектептерде 74 029 бала білім алуда

0 10

Білім саласында, қаладағы 60 күндізгі және 1 кешкі мектепте 74 029 бала білім алуда. Өткен жылмен салыстырғанда оқушылар саны 3016 балаға өскен.  Бұл туралы  қалалық мәдениет үйінде қала әкімі Айтқазы Қарабалаев халық алдындағы қорытынды есебінде айтты, — деп хабарлайды   «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Қала оқушыларның Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша орта бал 99,05-ті құрап, өткен жылғы көрсеткіштен 14,75  балға артқан.

Қалада 64 мемлекеттік және 68 жекеменшік мектепке дейінгі білім беру мекемелері қызмет атқарады, онда 20 047 бала тәрбиеленуде.

Өткен жылы қалалық бюджеттен 146,9 млн. теңге қаржы қарастырылып №18 бөбекжай-бақша ғимараты күрделі жөндеуден өтті. Мектептердің материалдық-техникалық жағдайын нығайту мақсатында 2019 жылы робототехника, IT (Ай ти), лингофондық кабинеттерін  алуға 144,6 млн. теңге қаржы бөлініп, нәтижесінде мектептердегі модификациялы сыныптардың саны 116 бірлікке жеткен.

Сондай-ақ, қала маңындағы ара қашықтығы 3 шақырымнан асатын «Шалғай Қарасу» және «Шөлдала» алқаптарынан қатынап оқитын оқушыларды көлікпен тасымалдау мақсатында екі орта мектепке 2 автобус сатып алынды. Бүгінгі таңда, мектептердегі 15 автобустармен 2 388 оқушы тасымалданбақ.

-Есепті жылы 9 мектеп пен 7 бөбекжай-бақшаны ағымды жөндеуден өткізуге 70,6 млн. теңге қарастырылып, жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2020 жылы 2 мектепті күрделі және 19 мектепті ағымды жөндеуден өткізуге, 8 мектепке ішкі әжетханалар орнатуға, 30 мектепке бейнебақылау орнатуға, оқушыларды тасымалдауға 3 бірлік автобус сатып алуға, жаңа модификациялық 9 кабинеттер алуға және мектептерді 500 дана компьютермен қамтамасыз етуге барлығы 983,2 млн. теңге қаржы қарастырылып отыр,- деді шаһар басшысы.

Атап айтсақ, Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназияның қуаттылығы 769 орын болса, нақты 1688 оқушы білім алуда. «Шалғай-Қарасу» алқабының оқушылары №17,21,29,52 мектептерге қатынап оқыса, «Казарма» алқабының бастауыш сыныптары «Шөлдала» алқабында орналасқан №59 мектепке, ал жоғарғы сыныптағы оқушылар №19,55 мектептерге қатынап оқуда.

Сондай-ақ, жаңа «Барысхан» алқабында 1420 мектеп жасындағы балалар «Ақбұлым» ауылындағы Бесбаев мектебіне және қаладағы №6,14,22 мектептерге қатынап оқыса, «Арай» алқабының оқушылары «Бәйтерек» мөлтек ауданындағы №3 лицейге және №39,46,47,48,51 мектептерде оқуда. Ал, «Қайнар» алқабының оқушылары «Хамукат» алқабында орналасқан №50 мектепке қатынап оқиды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.