Оқу жылының соңғы тоқсаны ерекше басталды

0 0

Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты 13 мектеп қашықтықтан оқыту жүйесіне көшті,-деп хабарлайды «Zhambylnews» Ақпараттық агенттігі.


Қашықтықтан оқыту процесін ұйымдастыру ауданда барлық мектеп үшін қатаң бекітілген дәстүрлі кесте бойынша емес, икемді, жеке кесте бойынша өткізілуде. Телесабақтар, интернет-платформаларды пайдалану, пошта арқалы немесе қолма-қол қағаз тасымалдаушыларымен жіберу арқылы қашықтықтан оқыту форматы таңдалды.
Аудан бойынша 39 мектепте 14550 оқушы білім алады, оның 13 мектебі (8714 оқушы) қашықтықтан оқытуға көшті, 22 мектеп телеарна арқылы (5670 оқушы), 4 мектеп (166 оқушы) штаттық режимде білім алуды бастады.
Т.Рысқұлов ауданы мектептерінен 1128 компьютер аз қамтылған отбасы балаларына таратылды. Жергілікті бюджет есебінен 215 компьютер алынды.
Бұған дейін барлық мектеп ұжымы ата-аналармен онлайн-кеңес,ата-аналарға қашықтықтан оқыту бойынша әдістемелік көмек берген болатын.
Оқушылардың арнайы кестеге сай сабақтарға белсенді қатысулары мен білім алу деңгейі сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері тарапынан бақылауға алынды. Алғашқы оқу күнінен ата-аналардың да оқушылардың да алған әсері зор.

Leave A Reply

Your email address will not be published.