Білім мекемелері жаңаруда

0 2

  Білім саласы қолдау мен көмекті қажет ететін ең үлкен сала екені белгілі. Ел үкіметінің де облыс әкімдігінің де өңірдегі білім мекемелерін жаңартып,жарақтандыруға ықыласы ерекше. Бұл — шәкірттерге деген қамқорлық пен қолдау. Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты 39 мектеп  бар.
Бүгінгі күні 5 мектепке мердігер  анықталып (Болтай батыр атындағы шағын орталықты орта мектебі, Ақтоған шағын орталықты орта мектебі, № 3 шағын орталықты орта мектебі, Ақбұлақ шағын орталықты орта мектебі, Б.Момышұлы атындағы орта мектебі) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр,-деп хабарлайды «Zhambylnews»АА.
Сонымен қатар М.Әуезов атындағы орта мектебіне 97,4 мың  теңгеге қосымша мәжіліс залы және 2 пән кабинетін соғу жұмыстары жүргізілуде.
«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 3 мектепке 845493,7 мың теңгеге мердігер анықталып,(Ә.Бөкейханов атындағы орта мектебі, № 1 мектеп- лицейі, Ш.Уәлиханов атындағы шағын орталықты орта мектебі) күрделі жөндеу жұмыстары басталды.
6 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстарына жалпы сомасы 48241,0 мың теңге қаржы бөлінген. Малдыбай орта мектебі, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі, Құлан мектеп- гимназиясы, № 2 шағын орталықты орта мектебі, Т.Рысқұлов мектеп- лицейі, Қорағаты орта мектептеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар 26 мектептің әжетханаларын ішке орналастыру жұмыстарына жалпы сомасы 112612,1 мың теңгеге мердігер анықталып, бүгінгі күні тиісті жұмыстар атқарылуда.
Алдағы жаңа оқу жылын шәкірттер заманауи үлгіде жаңарған пән кабинеттерінде қарсы алатын болады.
Барлық жұмыс аудан әкімдігі мен білім бөлімі тарапынан қатаң бақылауға алынған, мекемелердің талап деңгейіне сай жөнделуі қоғамдық бақылау топтары мен «Т.Рысқұлов-адалдық алаңы» жобалық офисі мүшелері тарапынан да жоспарлы бақылауға алынған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.