5 шілдеден бастап бірқатар нысанның қызметіне тыйым салынады

0 3

Қазақстанда 14 күнге бірқатар нысанның қызметіне тыйым салынады. Мұндай шешім ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында қабылданды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі.

5 шілдеден бастап сұлулық салондары, шаштараз, спорт залдары, фитнес орталықтар, бассейндер, азық-түлік және азық-түліктік емес жабық базарлар, жағажайлар, аквапарктер, мәдениет нысандары, музейлер, көрмелер, форумдар, конференциялар және өзге де ұйымдастырылған бұқаралық іс-шаралар, ойын-сауық орталықтары, мектепке дейінгі балалар мекемелері (кезекші топтардан басқа), діни нысандар және т. б. (СОСО-дағы ойын-сауық орталықтары, ойын-сауық нысандары (караоке, бильярд, компьютер клубтары, боулинг орталықтары), кинотеатрлар, балаларды сауықтыру лагерлері, фудкорттар, банкет залдары) жұмысын тоқтатады.

Ал, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), кеңселердің, ұлттық компаниялардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерінің кемінде 80%-ның қашықтан жұмыс істеу режимін сақталады. Алдын ала жазылу бойынша медицина орталықтарының қызметі мен дәріханалардың, азық-түлік дүкендерінің, ашық базарлардың қызметі сақталады.

Сонымен қатар, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, келесі нысандардың қызметін сақталады: ашық ауада қоғамдық тамақтану нысандары; үздіксіз өндірістік айналымы бар құрылыс, өнеркәсіп кәсіпорындары; ашық ауадағы құрылыс жұмыстары; ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және мал шаруашылығы жұмыстары; халыққа қызмет көрсету салалары, оның ішінде авто жуу, автомобильдерді және тұрмыстық техниканы жөндеу, ХҚКО-лар, екінші деңгейлі банктер (уақыт бойынша шектеу енгізумен).

Leave A Reply

Your email address will not be published.