ХҚО-лар карантин кезінде жұмысын жалғастырады

0
31

Ведомствоаралық комиссияның шешімімен ХҚО-лар шектеу шаралары енгізілгеннен кейін де санитарлық және дезинфекциялық талаптарды сақтай отырып, өз жұмысын жалғастырады, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

ХҚО-ның жабылуы туралы жалған ақпараттың таралуына байланысты, қызмет алуға жүгінетін азаматтардың саны күрт өсті. Қолайсыз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, халыққа қызмет көрсету орталықтарында қорғаныс шаралары қабылданып, фронт-офис ғимараттарында азаматтардың жиналуын болдырмауға бағытталған жұмыстар қолға алынған.

Бүгінде облыс орталықтарының, республикалық маңызы бар қалалардың және кейбір аудан  ХҚО-ларында қызметтерді тек алдынала брон жасау арқылы ғана алуға болады. Мұны egov.kz порталы, eGovKzBot2.0 телеграм-ботының көмегімен немесе 1414 қысқа нөміріне қоңырау шалу арқылы жасауға болады.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында электронды үкімет порталында қолжетімсіз, тек «қағаз» қызметтер (100-ден астам қызмет) көрсетіледі. Ал, мұның бәрі азаматтардың көптеп жиналуын болдырмауға және вирус жұқтыру қаупін азайтуға бағытталған.

ХҚО жұмыс кестесі: https://gov4c.kz/ru/zhanalyktar/2020/07/03/khko-lar-karantin-kezinde-zhumysyn-zhalgastyrady/?edit_off

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here