Мойынқұм ауданында құрылыс жұмыстары тиянақты жүргізілуде

0
37

Мойынқұм ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары тиянақты жүргізілуде, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Аудан әкімі Мәден Тоқтарбайұлы Сөрыөзек, Қарабөгет және Қылышбай ауылдарында болып, құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, жұмысшылармен кездесті.

Алдымен аудан басшысы Мәден Мұсаев Сарыөзек ауылындағы Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Аталмыш жоба 12 мамыр күні басталып, қазіргі таңда шатыры жабылып, ішін қыру жұмыстары жүргізілген. Жобаны «Мойынқұм құрылыс» ЖШС ұтып алған. Жалпы жобаның сметалық құны 85 834 мың тенге.

Бұдан соң аудан әкімі Қарабөгет ауылында болып, ауылдық округ аппарат ғимаратының шатыры мен пандустың және А.Байтұрсынов атындағы орта мектебінің санузел жұмыстарымен және Қылышбай ауылындағы Ә.Төлепбергенов атындағы орта мектебінің ғимаратының ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысты.

Сонымен қатар,  орталық аурухананың 5 нысаны жұмысымен орталық аурухананың бас дәрігері Жайдар Әйтішев толық тарқатып  таныстырды.

Аудан көлеміндегі «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүріп жатқан, медициналық мекемелердің барлығында жөндеу жұмыстары жоспар бойынша, қанағаттанарлық түрде жүріп жатыр.

Жалпы ауданы бойынша Жұмыспен қамтудың «Жол картасы» бағдарламасына 52 жоба енгізілген,  52 нысанның да жеңімпазы анықталған. Атап айтар болсақ, аудан әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 27 нысан, білім бөлімі бойынша 20 нысан, ал орталық аурухананың 5 нысаны анықталды.

Жұмыстарын бастаған -52 мердігер 262 жұмыс орны ашылып, оның 230-ы жұмыспен қамту орталығы арқылы жолданған. Оның 55- і 29 дейінгі жас, 9-ы атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы азаматтары.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here