Тараз қаласында дәрі-дәрімекті ашық саудаға айналдырған тұрғын ұсталды

0 37

Өңірде ”Цефамед Цефтриоксон» дәрілік препаратының 15 бумасын 30 мың теңгеге сатпақшы болған Тараз қаласының тұрғыны ұсталды, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Бірден оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері Тараз қаласының 11 шағын мөлтек ауданындағы «айыппұл тұрағы” жанынан сатушыны ұстайды.

Қаптамада герметикалық жабылған қызыл түсті пластикалық негізді, алюминий қақпақты, шыны ампулалар болған. Ампулалар Египет елінің өндірісіне тиесілі.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Айта өтейік, аталған ампулалар өзіне сезімтал бактериялардың штамдары туындататын аурулар кезінде тиімді әсер етеді. Соның ішінде жоғарғы немесе төменгі тыныс жолдарының аурулары (пневмония, өкпе абсцесі, плевра эмпиемасы) кезінде қолданылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.