Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

0 11

Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы басшысының орынбасары болып Еркін Атымтаев тағайындалды, — деп жазады «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі.

Еркін Садуахасұлы 1985 жылы дүниеге келген.

2007 жылы  Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген.

2008-2010 жылдары «Астра Стар» ЖШС-інде бұрғылау жөніндегі инженер қызметін атқарған.

2011-2012 жылдары «ЦСК НС» ЖШС-інде учаске шебері және 2011-2013 ж. «Казахэнергоэкспертиза» АҚ-ында  сарапшы, 2013-2014 жылдары «KazProdEnergy» ЖШС-інде директор лауазымын атқарды. Дәл осы жылы «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ-ында сарапшы қызметінде болған.

2014-2015 жылдары Жамбыл облысы әкімінің қабылдау бөлмесінің бас маманы, 2015-2018 жылдары  Жамбыл облысы әкімінің көмекшісі қызметін атқарды.

2018-2019 жылдары Премьер министрдің кеңсесінде эксперт, 2019-2020ж Қазақстан Республикасының Қырғызстан елшілігінде аға референт.

Соңғы лауазымы «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі» Алматы қалалық филиалы басшысының орынбасары.

Leave A Reply

Your email address will not be published.