Облысқа гуманитарлық көмек арқылы 20 000 дәрілік зат келген

0 6

Жамбыл облысына гуманитарлық көмек арқылы 20 000 дәрілік заттар келген. Бұл жөнінде бүгін «ӨКҚ» алаңында өткен брифингте  Жамбыл облысының бас дәрігері Марат Жұманқұлов айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі.

Олардың ішінде атап айтқанда, 11 200 дана вирусқа қарсы препараттар, 225 дана антибиотиктер мен 8032 дана басқа да дәрілік заттар келген. Бұдан өзге, 26 ауа концентраторы, 2 дана — өкпені жасанды желдету аппараты жеткізілген.

Жамбыл облысы бойынша «СҚ-Фармация» ЖШС -іне жыл басынан бері медициналық ұйымдар 1,01 млрд. тенге көлемінде қосымша тапсырыс берген. Сондай-ақ, қазіргі таңда КВИ емдеу бойынша қолданыста жүрген клиникалық протоколдағы дәрілік заттар мен медциналық бұйымдар алуға облыстың медициналық ұйымдары 835,9 млн тенгеге қосымша тапсырыс беріп отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.