Тараздық кәсіпкерлер “Қымызмұрындық” дәстүрін жаңғыртты

0 4

Жамбыл облысында көне дәстүр қайта жаңғырды. Әлемді дендеген дертке қарамай кәсіпкерлер ұлттық дәстүрлі ұлықтап, «Қымызмұрындық» шарасын жалғастыруда. Игі дәстүрді ұрпаққа насихаттауға бастамашы болған  «Рухани жаңғыру» жобалық офисі, — деп жазады “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Ұлттық салт-дәстүріміздің ішінде халық санасынан мүлдем ұмытылып, тойланбай келе жатқан жалпы қазақтық мейрамдарымыздың бірі  қымызмұрындық дегеніміз – ел жайлауға шыққанда жазғытұрым аталып өтетін – қымыз тойы. Қазақ жерінде қымызмұрындық әр түрлі аталады. Жетісу, Батыс Қазақстанда қымызмұрындық, Сарыарқада биемұрындық, Шыңжаңда биебау, Моңғолияда бие байлар т.с.с., бірақ бәрінің мағынасы бір. Қытымыр қыстан жүдеп-жадап шыққан көшпенді ел жайлауға шығып жадырап, сағынған сүйікті сусынын, бүкіл халық болып ішіп, нағыз мейрамға айналдыратын.
Мейрам болмаса да әлемді алаңдатқан коронавирус инфекциясының таралуына қарамай тараздағы кәсіпкерлер бұл шараны өздерінше жалғастырды. Олар құнарлы әрі емдік сусынды науқас жандарға жеткізуді жөн көрген. Бүгін COVID-19 дертін жұқтырған науқастар ем алып жатқан көпбейінді балалар ауруханасына 100 литр ақ сусын жеткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, тараздық қос азаматша ауруханада өмір мен өлімнің ортасында күресіп жүрген дәрігерлер мен сырқаттанғандарға ыстық тамақ жеткізуді қолға алған болатын. Бұл игі іс «Жамбыл облысының «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің» ұйытқы болуымен жалғасын тапқан.

Тараз қаласындағы Гауһартас мейрамханасында аталған кәсіпкер 3 қой сойып, оның етінен жасалған тамақтарды ауруханаға жеткізді. Дайындалған ас коронавируспен күресіп жатқан ақ халатты абзал жандар мен емделуші науқастарға таратылды.

— Қойды қайдан табамын, не істеймін деп ол жағынан уаймдамаңыз! Оның барлығын дайындап беретін адамдарымыз бар. Егер маған хабарлассаңыздар мен қол ұшымды берем. Және сізден ешқандай қаражат алмаймыз, — дейді кәсіпкер.Індет бейқамдық пен жайбарақаттықты көтермейді. Бұған халық болып дәл осылай «бір жерден бас, бір жеңнен қол шығарып» күресуіміз керек. Сонда ғана індетті жоя аламыз,-дейді олар.

Айта кетсек, қамқорлық пен ниеттестікке негізделген бұл игі шара апта сайын жалғасын табатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.