Мойынқұм ауданының тұрғындары тұрмысы төмен отбасыларға асарлатып үй салуда

0 0

Мойынқұмда аудан еріктілерінің демеушілік жасауымен көмекке мұқтаж, көпбалалы үйсіз отбасыларға асарлатып үй салып беруды қолға алуда, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың хаттамалық тапсырмасымен аудандарда «Асарлатып үй салу» жобасы қолға алынған болатын.

Осы жоба аясында Мойынқұм ауданында 8 елді-мекенде атап айтсақ Кеңес, Биназар, Бірлік, Күшаман, Жамбыл, Шығанақ, Қарабөгет, Ұланбел ауылдарында ауыл қариялары мен ауыл жастары қолдау көрсетуімен жағдайы төмен үйсіз отбасыларға 1 тұрғын үйді асарлатып салып беруді қолға алған болатын.

Бүгін осы жоба аясында аталған 8 ауылдың бірі Қарабөгет ауылдық округіне қарасты Құмөзек ауылындағы 1 көмекке мұқтаж жанұяға асарлатып үй салуды бастап, қажетті құмы мен тасын түсіріп, үйдің фундаменті орнын қазуды бастады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.