Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл!

0 6

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев  Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблея өкілдерін қабылдап, бірқатар этно мәдени ораталықтардың мүшелерін мерекелік медальдармен марапаттады, — деп жазады «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі.

Салтанатты жиында этномәдени бірлестіктердің белсенді азаматтары «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерейтойлық медальін кеудесіне тақты. Еңбегі еленіп, құрметке бөленгендер сөз сөйлеп, мұндай сәтте ұстамды болуға тиіспіз деп, қазақстандықтарды сабырға, түсіністікке шақырды.

Мерекеге орай облыстағы тату тірлік, берекелі бірлік жайында арнайы кітап та жарық көрді. Жалпы, Жамбыл облысында 70-ке жуық этномәдени орталық бар. Ассамблея өкілдері  талай ауыр күндерді бірге еңсеріп, сындарды сәттерді абыроймен өткерген.  Елімізге індет келгелі, ел әбігерге түскелі, Ассамблея өкілдері бірден жиылып, қолдарынан келгенше, қазақстандықтарға қолдау көрсетті. Жанашырлық танытып, көпбалалы отбасыларға, мұқтаж жандарға  қажетті азық-түлікті жеткізді. Ауырғанға  демеу болып, дәрігерлерге көмектесті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.