Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады

0 0

Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігі циклонның ықпалында болады.

Осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Республиканың оңтүстігінде түнде жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман, екпінді жел, көктайғақ, шығыс пен орталықта жаяу бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазгидромет» РМК-дан мәлім еткендей, Шығыс Қазақстан, Қарағанды ​​облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, 15-20 м/с дейін желдің күшеюі күтіледі. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, 15-25 м/с дейін желдің күшеюі күтіледі.

Ақмола, Павлодар облыстарында желдің күші 15-23 м/с артады. Жамбыл, Ақтөбе, түнде және таңертең Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде түнде 1-5 градус үсік күтіледі. Сондай-ақ Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Leave A Reply

Your email address will not be published.