Мойынқұм жастарының спортпен айналысуларына барлық жағдай жасалған

0 2

Мойынқұм ауданындағы жастардың саламатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналысуларына барлық жағдай жасалған. «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша 8 нысанға 101 680,0 мың теңге қаралып игерілген, — деп жазады «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

Аталған «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы әлеуметтік салаға оң әсерін тигізуде. Биылдың өзінде ауданда спорт нысандарынан басқа 20 білім, 5 денсаулық нысанына қаржы қарастырылып, жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Атап айтар болсақ, Көкжелек ауылында осыған дейін жастар мен жасөспірімдер футбол алаңшасында жарыс өткізіп, күнделікті доп тебетін. Биыл стритворкаут алаңдарына теннис үстелдер орнатылды.

— Алаңдардағы жұмыстар мамыр айында басталды. Алғашқыда жөндеу жұмыстары шығар деп мән бермедік. Кейіннен теннис ойнау үшін орнатыла бастаған үстелдерді көргенде қуандық. Үстел теннисін жақсы көремін, — дейді Көкжелек ауылының тұрғыны кішкентай Айбар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.