Асқар Маратұлы «ҚазАвтоЖол» басшысы болып тағайындалды

0 4

Асқар Маратұлы «ҚазАвтоЖол» ҰК »АҚ басқармасының жаңа төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің баспасөз қызметі өзінің Telegram арнасында.

Асқар Маратұлы 1976 жылы дүниеге келген. Ол Шығыс Қазақстан техникалық университетінде экономика және көлік саласындағы менеджмент мамандығы бойынша, сондай-ақ Гончаров атындағы Қазақ автомобиль және автомобиль жолдары университетінде оқыды. Онда«автомобиль жолдары мен аэродромдарды салу инженері» мамандығын алды.

Еңбек қызметін 1998 жылы бастаған. 1998-2002 жылдары ол Көлік және коммуникация министрлігінде жетекші маман болып жұмыс істеді, қатарынан автомобиль жолдары комитетінің бас маманы, бөлім бастығы, бөлім бастығының орынбасары болды.

«Қазақавтодор» РМК-ның Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстық филиалдарының директоры болып жұмыс істеді.

2007-2012 жылдары елордада жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің сарапшысы, Жамбыл облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы бастығының орынбасары.

2012-2015 жылдары Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы болды.

2015-2017 жылдары Зеренді ауданының әкімі болды.

2017-2019 жылдары Ақмола облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы, 2019 жылдың 3 сәуірінен бастап — Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.