Таластық өнімдер Таразда саудаланды

0 3

Бүгін Тараз қаласындағы «Грант» базарда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Ұйымдастырылған жәрмеңкеге таластық шаруалар 200 келі сиыр, 200 келі жылқы, 200 келі қой етімен қатар, жұмыртқа және сүт өнімдерін жеткізді, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ, жәрмеңкеде үшаралдық «Талас-2020» ауыл шаруашылық кооперативі жылы­жайда өсірілген 500 келі қияр өнімдерін сауда сөрелеріне қойды.

Табиғи таза өнімдерге қа­ла жұртшылығының сұранысы жоғары болды. Бұл туралы аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ауданбек Ерубай:

— Әкелінген өнімдер нарықтағыдан 15-20 пайызға ар­зан сатылды. Мәселен, қияр 350 теңгеден ұсынылды. Бұл жо­лы тараздықтарға Аққұм, Ақкөл, Қаратау, Кеңес, Үшарал ауыл­дық округіне қарасты шаруа қожалықтарының өнімдері сауда­ланды. Тауарларымыздың дені түске дейін өтіп кетті. Мұның алдында 1-мамыр мерекесінде ұйымдастырылған жәрмеңкеге де қатысқан едік. Ойдағыдай өтті. Алдағы уақытта да табиғи таза және бағасы тиімді өнімдерімізбен қала тұрғындарының көңілінен шы­ғатын боламыз, — деп жауап берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.