Елорда күніне орай өткен ерекше концерт

0 2

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/5 мекемесінде елорданың туған күніне орай салтанатты шара өтті. Ару қаланың төл мерекесіне орай ұйымдастырылған кеш барысында мекемедегі жазасын өтеуші азаматтар өз өнерлерін ортаға салып, бас шаһардың туған күнін атап өтті.

Мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет майоры Айгүл Танашеваның айтуынша, мұндай шаралар сотты болған жандардың түзелу жолына түсуіне ықпал етіп қана қоймай, олардың қоғаммен байланысы арта түспек.

— Бейбіт елдің баға жетпес байлығы елорданың туған күніне орай түзеу мекемесінде сотталғандар арасында концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Концертте туған жер, отан туралы әндер шырқалды. Осылайша, жазасын өтеушілер қоғаммен байланысын арттырып, өздеріне көтеріңкі көңіл күй сыйлады, — деді А.Танашева.

Айнура Бателова,
ЖД-158/5 мекемесінің босатылатын сотталғандардың еңбегімен тұрмысын ұйымдастыру тобының инспекторы әділет лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.