ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Жүректерге жаңа өмір сыйлаушы орталық

Жүректерге жаңа өмір сыйлаушы орталық

Жүрек-қан тамырлары аурулары, әлемнің барлық дамыған елдерінде,  өлім көрсеткіштері бойынша бірінші орында тұр.  Сондықтан,  мамандар  алдына  кардиохирургияны  дамыту міндеті қойылды. 
Ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығының  басты мақсаты - жүрек  қан тамырлары  ауруларының алдын алу және оны емдеу, өйткені оны дер кезінде  емдемесе,  жүрек аурулары көбіне, мүгедектікке шалдықтырады немесе өлімге әкеліп соқтырады.
Ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығында 8 орынға арналған жайлы палаталар, 3 ота бөлмесі, заманауи қондырғылармен жабдықталған  жансақтау орны, демалыс пен күту залы бар.
Орталық  ин­новациялық-медициналық технологияларды пайдаланып, жоғары мамандандырылған кардиологиялық, кардио­хи­рургиялық көмек көрсету, сонымен қатар амбулаторлық тексерістен кешенді оңалту көмегіне дейінгі аралықта науқастарға шипа беру, кардиология, кардиохирургия және интервенциялық кардиология аясында ғылым-білім әрекетін жүзеге асыру, дерті асқынған науқастарға хирур­гиялық араласулар жасап, мүмкіндігінше тұрғындардың өмір жасын ұзартуға, өлім, мүгедектік көрсеткіштеріне жол бермеуге, сондай-ақ науқастарға, оның ішінде жаңа туған нәрестелер мен балаларға сапалы, ма­ман­дандырылған дүниежүзілік стандарттарға сәйкес кардио­логиялық және кардиохирургиялық көмек көрсетуге ба­ғытталған. Бүгінде облыстағы жүрек-қан тамырлары ауру­ларымен ауыратын науқастарға операция жасату үшін астаналық клиникаларға барудың қажеті жоқ. Барлық қажетті кардиохирургиялық айла-шарғылар мұнда  жоғары деңгейде, жаңа технологиялардың көмегімен, білікті мамандардың қатысуымен жасалуда.
Мұнда жаңа туған сәбилер мен  ерте туылған балаларға, 80 жасқа дейінгі адамдарға  жүректің туа біткен, жүре біткен кемістіктері және миокардтың реваскуляризациясына  отаның  «ашық» және «жабық» түрлері жасалады. Бүгінге дейін   3000-нан аса хирургиялық араласулар сәтті өткізілген.
Бұдан басқа, шағын инвазиялық кардиохирургия  бойынша миниторакотомия, министернотомия, Port-Access, торакоскопиялық жасау жолдары, соғып тұрған жүрекке миокардтың реваскуляризациясын қолдану тәрізді замануаи инновациялық айла-шарғылар да  ұйымдастырылуда.
Клиника  рентген сәулесінің мөлшерін 2-3 есе азайтумен, зерттелетін адамды  3D режимінде көрнекілену сапасын арттыратын  заманауи ангиографиялық аппаратпен (Phillips) жабдықталған.  Мұнда коронарография, стенттеу, резистенттік артериалды гипертензияны емдеу үшін Simplicity жүйесі арқылы жүрек артериялардың денервациясы, Аорта коронарлы шунттеу үшін пациенттерді іріктеу, жатыр миомасы кезінде жатыр артериясының эмболизацисы, артериалдық-веноздық жыланкөздерді емдеу, жүрекше  аралық, қарынша аралық қалқа ақауларын транскатеторлық және ашық арериалдық ағынды жабу, вальвулопластика және диагностикалық зерттеулер жасалады.
2016 жылдан бастап коронарлық артериялардың созылмалы окклюзияның ретроградтық реканализациялау,  бифуркациялық зақымдануларын стенттеу, сондай- ақ сол жақты коронарлық артерияны жалғау технологиялары енгізілді. 2016 жылдың қазан айында варикоцелле кезінде атабез көктамырының эмболизациясы атты операция енгізілді.
Сонымен қатар, компьютерлік томография кабинеті іске қосылды. Осы кабинетте Philips Ingenuity Elite (128 кесілім) МСКТ орнатылған, республика аумағында саны аппараттың саны шектеулі ғана.  Ingenuity CT ELITE 128 Philips мультиспиральдық компьютерлік  томограф адам денесін зерттеуге алынған  орынның 128  кесілімін жасауға және әр зерттеу бойынша 5 минутке дейінгі уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Суреттің диагностикалық сапасын сақтап, бір пациент үшін мөлшері 80%-ға дейін, сондай-ақ контрастық заттектің дозасын 15%, азайтуға болады. Мұндай диагностикалық препараттарды қолданудан науқасқа тиетін зиянды әсер төмен.
Ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығы облыс халқына жергілікті бюджет есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және ақылы негізде тәулік бойы тұрғындарға медициналық қызмет көрсетеді. 
 
Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз орталығы

Пікір: 0
Пікір қосу