ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Т.Рысқұлов ауданына іс-сапармен барды

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Т.Рысқұлов ауданына іс-сапармен барды

Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы  Тілеухан  Әбілдаев  Т.Рысқұлов ауданына шығып, ауылдық-елді мекендердегі емдеу орындарының тыныс-тіршілігімен, ауыл тұрғындары денсаулығын арттыру бағытындағы мүмкіндіктерімен  танысып, оларға талдау-сараптау жасады. Бұл туралы Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.
Ғимарат  2003  болған  зілзаладан  2003-2006 жылдары   салынған.   2004- 2006 жылдары пайдалануға берілген. 1998 жылы Аудандық орталық аурухана Мемлекеттік  Коммуналдық  Қазыналық мекеме ретінде құрылды.  2011 жылы  аудандық орталық  аурухана  құрамына  ауданның  бастапқы  емдеу  мекемелері  біріктірілді. 2012 жылдың   қазан   айынан   бастап    шаруашылық   жүргізу   құқығындағы   мемлекеттік   кәсіпорын   статусын  алды.  Т.Рысқұлов    аудандық   орталық    ауруханасының жалпы штат кестесі – 859,5 бірлік: дәрігерлер - 136,  дәрігерлік бірліктер қосымша жүктеме алу арқылы шешілген. «Ауылға -дипломмен» мемлекеттік бағдарламасымен 2015 жылы 5 жас маман, 2016 жылы 4 жас маман келді. Орта буынды қызметкерлер саны – 437. Ауруханада барлығы  779 адам  жұмыс  істейді, оның ішінде: дәрігерлер – 84,   біліктілік   санатты – 37 %, орта  буынды  қызметкерлер – 436,   біліктілік   санатты - 38,9%, кіші бикелер – 122, басқа категориядағылар – 137. Т.Рысқұлов   ауданы   тұрғындарына   жалпы тәжірибелі дәрігер, терапевт,   педиатр,  акушер-гинеколог,  инфекционист, неонотолог,   невропатолог, рентгенолог,  анестизиолог-реаниматолог, кардиолог, дерматолог, отоларинголог, офтальмолог, уролог, онколог,  маммолог,  эндокринолог,  стоматолог, психиатр, нарколог,  хирург,  травматолог,   паталоганатом, балалар невропатологы  дәрігерлері  медициналық  көмек  көрсетеді. Т.Рысқұлов аудандық орталық аурухананың мақсаты - квалификациялық стационарлық   көмек   көрсету, жедел жәрдем   және   шұғыл    медициналық    көмек   көрсету, бастапқы   медициналық   санитарлық  көмек  көрсету; кеңестік-диагностикалық  көмек   көрсету, медициналық  реабилитация және   қалпына   келтіру   көмегі, физиотерапиялық  көмек   көрсету, дертті   анықтау, тексеру (жалпы  клиникалық зертхана,  биохимиялық,  бактериологиялық, патогистологиялық,  иммунологиялық,  серологиялық,  ультрадыбыстық,  рентгенологиялық, маммографиялық, бронхоскоптық, цистографиялық,  эндоскопиялық,  функционалдық тексеру), медициналық  сараптамалық  жұмыстарды жүргізу    (уақытша   еңбекке     жарамсыздық,  наркологиялық,  жұмысқа  жарамдылық), салауатты өмір    салтын    қалыптастыру   және  насихаттау, алдын-алу  және  әлеуметтік  көмек  көрсету, аудан   тұрғындарын    медициналық   көмектің   тегін    кепілдендірілген   көлемінде   жекелеген   санаттағы    тұрғындарды  тегін дәрі- дәрмекпен,  жасанды   тамақпен  қамтамасыз  ету. Т.Рысқұлов    аудандық  орталық    ауруханасының стационары  122  тәуліктік   төсек қорымен қамтамасыз етілген. Оның ішінде: емдеу  бөлімі – 20 төсек, жүйке  аурулар  бөлімі – 20 төсек, балалар  бөлімі - 16 төсек, перзентхана  жүкті   әйелдер,  гинекология  бөлімі – 16 төсек, ауданаралық травматология  бөлімі – 25 төсек (травматология 16 төсек, 9 хирургиялық төсек), жұқпалы   аурулар  бөлімі - 25 төсек және одан басқа  реанимация  бөлімі – 6 төсек. Аудандық  орталық   ауруханада  3 кардиологиялық,  2 неврологиялық, 4 травматологиялық   бейіндегі барлығы реабилитациялық  9 төсек  жұмыс  істейді. Т.Рысқұлов   аудандық   орталық   ауруханасының   құрамындағы    бастапқы   медициналық    мекемелерде  77  күндізгі   ауру   емдеу  төсектері  бар. Медициналық құрал-жабдықтармен жалпы аудандық орталық аурухана бойынша жарақтандыру көрсеткіші –77,49%, оның ішінде: аурухана – 83,64%, дәрігерлік амбулаториялар – 70,99%, – 76%. Аудан тұрғындарының саны (РПН) – 63106, оның ішінде балалары – 22051, жасөспірімдері саны – 3095, ересектері – 37960, фертильді жастағы әйелдер саны – 12857.
Аудандық аурухана құрамындағы 42 емдеу мекемелерінің 15-і – 38,1 пайызы типті ғимараттарда орналасқан (Тереңөзек, Ақыртөбе, Құмарық, Юбилейное, Қызылшаруа, Қарақыстақ дәрігерлік амбулаториялары, Луговая АЕ, аудандық орталық аурухана, аудандық емхана, тубдиспансер, Жарлысу, Қазақ, Әскери қалашық ФАП-тары, Абжаппар, Бәйтелі, Тасшолақ МП-тары), 10-ы – газбен жылытылады.
Ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқаны – 6-14,3 % (Абай ДА –ауыл әкімдігінде, Шолаққайыңды МП–кітапханада, Көкарық МП – үйде, Сөгеті МП - ЖШС ғимаратында,Сәлімбай МП –үйде, Мамай –қайыңды МП - үйде) және 8-і ғимаратсыз МП (Қосапан, Сұңқайты, Әбілхайыр, Құмарық ст, Мамыртөбе, Аққайнар, Тойқұдық, Қорағаты ст МП-лары).
Жаңатұрмыс дәрігерлік амбулаториясы 1 этажды типтік ғимаратта орналасқан  Амбулаторияда 1 жалпы тәжірибелі дәрігер, 1 фельдшер, 1 акушерка, 3 учаскелік мейірбике, 1 лаборант, 1 егу медбикесі, 1 әлеуметтік маман, 1 ем егу мейірбикесі, 3 жұмысшы халыққа қызмет көрсетеді. Халық саны – 2300. Он төрт жасқа дейінгі балалар саны – 806. Бір жасқа дейінгі балалар саны – 70. Жасөспірімдер – 120. Күндізгі емханада 2 төсек қоры бар. 2016 жылы 112 науқас емделді. Тууға қабілетті әйелдер саны – 346. Тууға абсолюттик қарсы көрсеткіші бар әйелдер – 8. Әлеуметтік жағдайы төмен әйелдер – 12.
Қарақыстақ дәрігерлік амбулаториясы 2005 жылы салынған типті ғимарат, жылу көзі көмірмен   жылытылады. Жалпы штат бірлігі: 19,25 бірлік, оның ішінде дәрігерлер – 2 ,75, екі дәрігер жұмыс істейді. Орта буынды медицина қызметкерлер- 11,0, 11 мейірбике жұмыс істейді. Дәрігерлік амбулатория құрамында  Қазақ ФАП, Тасшолақ, Жалпақсаз МП бар және 2 төсектік күндізгі ауру емдеу төсектері, клиникалық зертханасы бар. ТЭП бойынша жарақтандыру көрсеткіші – 63,9 пайыз, санитарлық «УАЗ» автокөлігі бар. Тұрғындар саны – 4255, екі  аймаққа бөлінген. Туушылықпен 84 нәресте тіркелген, 1 жасқа дейінгі  2 нәресте өлімі болған. Жалпы өлімшілік көрсеткіші 3,6. Туберкулезбен 1 ауру тіркелген, аурушаңдық көрсеткіші – 24,0. Жүктілікпен 36 әйел есепте тұрады, оның ішінде абсолютті көрсеткіші бар жүкті әйел жоқ.
Ақыртөбе дәрігерлік амбулаториясы 2009 жылы салынған типті ғимарат, газбен жылытылады. Жалпы штат бірлігі: 18,75 бірлік, оның ішінде дәрігерлер – 2,75, бір дәрігер жұмыс істейді. Орта буынды медицина қызметкерлер-11,5, 11 мейірбике жұмыс істейді. Дәрігерлік амбулатория құрамында Сәлімбай, Малдыбай МП және ғимаратсыз Қосапан МП бар. Және 2 төсектік күндізгі ауру емдеу төсектері , клиникалық зертханасы бар. Дәрігерлік амбулатория базасында аудандық орталық аурухананың жедел-жәрдем бөлімінің Ақыртөбе бекеті орналасқан. ТЭП бойынша жарақтандыру көрсеткіші – 79 пайыз, санитарлық «Жигули» автокөлігі бар. Тұрғындар саны – 3707, екі аймаққа бөлінген. Туушылықпен 63 нәресте тіркелген, 1 жасқа дейінгі нәресте өлімі болған жоқ. Жалпы өлімшілік көрсеткіші 3,2.Туберкулезбен 3 ауру тіркелген, аурушаңдық көрсеткіші – 82,2. Жүктілікпен 42 әйел есепте тұрады, оның ішінде абсолютті көрсеткіші бар жүкті әйел жоқ.
Өрнек дәрігерлік амбулаториясы 1968 жылы салынған  ғимарат, күрделі құрылыс 2005 жылы өткізілген, көмірмен  жылытылады. Жалпы штат бірлігі: 14,75 бірлік, оның ішінде дәрігерлер –1 ,75, бір дәрігер жұмыс істейді. Орта буынды медицина қызметкерлер – 9,5, 10 мейірбике жұмыс істейді. Дәрігерлік  амбулатория  құрамындаЖарлысу ФАП, Абжаппар МП және ғимаратсыз  Сұңқайты МП бар. Және 2 төсектік күндізгі ауру емдеу төсектері, клиникалық зертханасы бар. ТЭП бойынша жарақтандыру көрсеткіші – 81 пайыз, санитарлық «УАЗ» автокөлігі бар. Тұрғындар саны - 3308, бір аймақ.Туушылықпен 69 нәресте тіркелген, 1 жасқа дейінгі 3 нәресте өлімі болған (ОПЦ-да). Жалпы өлімшілік көрсеткіші 3,0.Туберкулезбен 5 ауру тіркелген,аурушаңдық көрсеткіші  - 160,4. Жүктілікпен 48 әйел есепте тұрады, оның ішінде абсолютті көрсеткіші бар жүкті әйел жоқ.
Өрнек дәрігерлік амбулаториясының Жарлысу фельдшерлік акушерлік пункті 2009 жылы салынған типті ғимарат, көмірмен  жылытылады. Жалпы штат бірлігі: 5,0 бірлік, орта буынды медицина қызметкерлер – 2,0, 2 мейірбике жұмыс істейді. ТЭП бойынша жарақтандыру көрсеткіші – 77,5 пайыз. Тұрғындар саны – 1070.Туушылықпен 21 нәресте тіркелген, 1 жасқа дейінгі  нәресте өлімі болған жоқ. Жалпы өлімшілік көрсеткіші 1,9. Туберкулезбен 1 ауру тіркелген. Жүктілікпен 18 әйел есепте тұрады, оның ішінде абсолютті көрсеткіші бар жүкті әйел жоқ.
Құмарық дәрігерлік амбулаториясы 2013 жылы салынған типті ғимарат, жылу көзі 2016 жылы  газбен   жылытуға ауыстырылды. Жалпы штат бірлігі:  22,25 бірлік, оның ішінде дәрігерлер – 2 ,75, бір дәрігер жұмыс істейді. Орта буынды медицина қызметкерлер – 12,0, 12 мейірбике жұмыс істейді. Дәрігерлік амбулатория құрамында Алғабас МП және 2 төсектік күндізгі ауру емдеу төсектері, клиникалық зертханасы бар. ТЭП бойынша жарақтандыру көрсеткіші – 68,91 пайыз, санитарлық «УАЗ» автокөлігі бар. Тұрғындар саны – 3186  бір аймақ.Туушылықпен 62 нәресте тіркелген, 1 жасқа дейінгі  нәресте өлімі болған жоқ. Жалпы өлімшілік көрсеткіші 3,1.Туберкулезбен 1 ауру тіркелген,аурушаңдық көрсеткіші – 32,5. Жүктілікпен 45 әйел есепте тұрады, оның ішінде абсолютті көрсеткіші бар жүкті әйел жоқ.
Көгершін дәрігерлік амбулаториясы 1970 жылы салынған  ғимарат, жылу көзі газбен   жылытылады. Жалпы штат бірлігі: 17,75 бірлік, оның ішінде дәрігерлер – 2 ,75, екі дәрігер жұмыс істейді. Орта буынды медицина қызметкерлер – 11,0, 11 мейірбике жұмыс істейді. Дәрігерлік амбулатория құрамында МП жоқ және 3 төсектік күндізгі ауру емдеу төсектері, клиникалық зертханасы бар. ТЭП бойынша жарақтандыру көрсеткіші – 74,19 пайыз, санитарлық «УАЗ» автокөлігі бар. Тұрғындар саны – 3403, екі  аймаққа бөлінген. Туушылықпен 62 нәресте тіркелген, 1 жасқа дейінгі  нәресте өлімі болған жоқ. Жалпы өлімшілік көрсеткіші 3,0.Туберкулезбен 1 ауру тіркелген,аурушаңдық көрсеткіші – 30,4. Жүктілікпен 31 әйел есепте тұрады, оның ішінде абсолютті көрсеткіші бар жүкті әйел жоқ.
Т.Рысқұлов атындағы аудандық орталық ауруханасының Көкдөнен дәрігерлік амбулаториясы 1960 жылы салынған  ғимарат, жылу көзі газбен   жылытылады. Жалпы штат бірлігі: 16,0 бірлік, оның ішінде дәрігерлер –2 ,75, екі дәрігер жұмыс істейді. Орта буынды медицина қызметкерлер – 9,75, 10 мейірбике жұмыс істейді. Дәрігерлік амбулатория құрамында Жақсылық ФАП ,ғимаратсыз Құмарық станциясы МП бар және 2 төсектік күндізгі ауру емдеу төсектері, клиникалық зертханасы бар. ТЭП бойынша жарақтандыру көрсеткіші – 75,1 пайыз, санитарлық «Жигули» автокөлігі бар. Тұрғындар саны – 3808, екі  аймаққа бөлінген.Туушылықпен 79 нәресте тіркелген, 1 жасқа дейінгі  1 нәресте өлімі болған. Жалпы өлімшілік көрсеткіші 3,1.Туберкулезбен  4  ауру тіркелген,аурушаңдық көрсеткіші – 111,7. Жүктілікпен 46 әйел есепте тұрады, оның ішінде абсолютті көрсеткіші бар жүкті әйел жоқ.
Луговая ауылдық емханасы  2005  жылы салынған  типті ғимарат, жылу көзі 2016 жылы  газбен   жылытуға ауыстырылды. Жалпы штат бірлігі: 46,5 бірлік, оның ішінде дәрігерлер – 8 5, жеті дәрігер (жалпы тәжірибелі дәрігер-5, акушер-гинеколог– 2 жұмыс істейді. Орта буынды медицина қызметкерлер – 30,5, 31 мейірбике жұмыс істейді. Ауылдық емхана құрамында МП жоқ және 5 төсектік күндізгі ауру емдеу төсектері, клиникалық зертханасы бар. ТЭП бойынша жарақтандыру көрсеткіші – 66,5 пайыз, санитарлық «Нива» автокөлігі бар.Ауылдық емхана базасында аудандық орталық аурухананың жедел-жәрдем бөлімінің 1 бекеті орналасқан. Тұрғындар саны – 9572, бес  аймаққа бөлінген.Туушылықпен 219 нәресте тіркелген, 1 жасқа дейінгі  1 нәресте өлімі болған. Жалпы өлімшілік көрсеткіші 3,9.Туберкулезбен  6  ауру тіркелген,аурушаңдық көрсеткіші – 64,0. Жүктілікпен 69 әйел есепте тұрады, оның ішінде абсолютті көрсеткіші бар жүкті әйел жоқ.
Қарақыстақ дәрігерлік амбулаториясының  Қазақ фельдшерлік акушерлік пункты 2014 жылы салынған типті ғимарат, көмірмен  жылытылады. Жалпы штат бірлігі: 5,0 бірлік, орта буынды медицина қызметкерлер – 3,0, 3 мейірбике жұмыс істейді. ТЭП бойынша жарақтандыру көрсеткіші – 92,8 пайыз. Тұрғындар саны – 960.Туушылықпен 18 нәресте тіркелген, 1 жасқа дейінгі  нәресте өлімі болған жоқ. Жалпы өлімшілік көрсеткіші 1,9. Туберкулезбен  ауру тіркелген жоқ. Жүктілікпен 12 әйел есепте тұрады, оның ішінде абсолютті көрсеткіші бар жүкті әйел жоқ.
Жамбыл облыстық туберкулезге қарсы  диспансерінің Т.Рысқұлов аудандық  мекеме 2003 жылғы зілзаладан кейін салынып, 2009 жылы  пайдалануға берілді. 2011 жылғы  28 қазандағы  «Жамбыл облысы әкімдігінің  денсаулық  сақтау  басқармасына  қарасты  мемлекеттік  мекемелерінің атауларын өзгерту туралы» №341 қаулысы негізінде, «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Т.Рысқұлов аудандық туберкулезге қарсы диспансері» мемлекеттік мекемесі атауы «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Т.Рысқұлов аудандық туберкулезге қарсы диспансері» коммуналдық мемлекеттік мекемесі деп өзгертілді. Жамбыл облысының  әкімдігінің 26.05.2016 жылғы  «Медициналық ұйымдарды  қайта ұйымдастыру туралы» № 174 Қаулысына  және Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының 2016 жылғы 26 қыркүйектегі № 628Ө Бұйрығына сәйкес  Жамбыл облыстық туберкулезге қарсы диспансері коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  Т.Рысқұлов аудандық бөлімшесі болып ұйымдастырылды, бөлімшенің  құрамы:  барлығы  88 адам  жұмыс  істейді. Оның ішінде: 2 дәрігер,   біліктілік   санатты – 50,0%, 21 орта  буынды  қызметкер,   біліктілік   санатты – 71,4%.
«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Облыстық туберкулезге қарсы балалар санаториі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  2003 жылғы зілзаладан кейін 2005 жылы жаңадан салынған, 80 төсек орындық. Санаторий  құрамы – емдеу диагностикалық бөлімі, мектеп, жатақхана, монша-кір жуу бөлімі, асхана стоматология, рентген, физио кабинеттері бар. Штат кестесі бойынша жұмыс істейтін қызметкерлер саны – 85,  оның ішінде: 5,5 – дәрігер, 16 – медбике, 20 – кіші медбике, 9 – тәрбиеші, әр түрлі мамандар – 34,75. Санаторияда   5-12 жас аралығында балалар жыл бойы ошақтау және  алдын ала сауықтыру, қымыз-шұбат терапия емдері жүргізіледі. 
Жалпы, Т.Рысқұлов ауданындағы іс-сапар аудандық емдеу, алдын-алу мекемелерінің тыныс-тіршілігімен, жұмыс жүйелерімен танысуға арналып, халық денсаулығын арттыру барысындағы медициналық қызметкерлердің атқарып отырған жұмыстарына баға берілуге бағытталды.         
                                        
 
 
 
 
 

Пікір: 0
Пікір қосу