ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Рига тұрғындары аты аңызға айналған тыңшы Шерлок Холмстың туған күнін атап өтті

Рига тұрғындары аты аңызға айналған тыңшы Шерлок Холмстың туған күнін атап өтті

Рига тұрғындары аты аңызға айналған тыңшы Шерлок Холмстың туған күнін атап өтті, - деп жазады "Хабар24".
Рига тұрғындары аты аңызға айналған тыңшы Шерлок Холмстың туған күнін атап өтті
Мереке сәнді киімдер шеруімен басталды. Атақты ағылшын жазушысы Конан Дойлдың әңгімесіндегі кейіпкерлер қаланың орталық көшесімен сап түзеп, костюмімен көзге түскен қатысушылар марапатталды. Рига - әлемде ең танымал тыңшының туған күнін жыл сайын атап өтетін жалғыз қала. Игорь Масленниковтың фильміндегі Холмстың үйі Ескі Риганың Яуниела көшесінде орналасқан. Басты рольде Василий Ливанов ойнаған осы киноның арқасында Латвия астанасы кішкентай Лондонның бір бөлігіне айналғанына 35 жыл болады. Ал Холмсты қастерлеушілер атақты тыңшының туған күнін осымен 6-шы жыл атап өтіп отыр. Владислава Галкина, мерекені ұйымдастырушы: - Біз мұндай мереке әлемнің бір түкпірінде атап өтілетін шығар деп ойлағанбыз. Бірақ зерттей келе, Холмстың туған күнін ешкім тойламайтынына, әрі бірінші болатынымызға көзіміз жетті. Енді міне қазір Рига дүниежүзінде осы күнді жыл сайын мерекелейтін жалғыз қалаға айналған. Мереке әдеттегідей сәнді костюмдер шеруімен басталады. Констебельдердің алып жүруімен Конан Дойлдың әңгімесіндегі кейіпкерлер Рига көшесімен сап түзейді. Артынан сәнді киімдердің салтанатты шеруі жылжып, ең әдемі костюмдер таңдалып, марапатталады. Сондықтан қатысушылар да киімдерін жөндеп, шараға жақсылап дайындалады. Францисса, мерекеге қатысушы: - Шындығын айтсам, мына сәнді киімдегі әйелдерге суық. Ал жел тұрса беттеріндегі бояуды сақтай алмай тіпті әуреге түседі. Бірақ маған үстімдегі киім ұнайды. Мен оны күн сайын киіп жүргім келеді. Шараға сондықтан қатысамын. Алекс, мерекеге қатысушы: - Жюль Габриель Верн сізге қызмет көрсетуге дайын. Маған биыл костюм дайындаудың қажеті болмады. Өйткені менің шкафымда көп жылдардан бері жиналған сәнді киімдер жетерлік. Ал ең күшті Холмс атағы тыңшының бейнесіне әбден төселіп, көп жылдан бері бас жүлдені бермей келе жатқан ригалық Михаил Курнаевқа бұйырды. Оның осы киіммен жүргеніне 7-8 жыл болыпты. Михаил Курнаев, мерекеге қатысушы: - Мен мына киімде күнде жүремін, әрі өзімді жақсы сезінемін. Егер бір жері дұрыс болмай жатса, бойымда жайсыздық пайда болады. Ең болмаса, ертедегі әйелге, әңгімелесушіге, қоршаған ортаға көрсетілген құрметті насихаттап, көңіл аударғым келеді. Детективті оқиғалардағы кейіпкерлердің ең үздік егіздері таңдалып, қатысушылар ұзақ суретке түседі. Осыдан кейін олар Бэрримордың сұлы жармасынан жасаған дәмді тағамын, я болмаса миссис Хадсонның қою шайын ішуге барады.
 
Авторлары: Марина Петрова, Сергей Самойлов.



Пікір: 0
Пікір қосу