ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Yahoo атауын өзгертеді

Yahoo атауын өзгертеді

Америкалық Yahoo интернет-компаниясының атауы Altaba болып өзгертіледі. Бұл туралы Би-би-си хабарлады, - деп жазады baq.kz.

Жаңа компания интернет-бизнестің саудасы аяқталған соң қоржында қалған активтерге иелік етпек. Оның ішінде Alibaba Group пен Yahoo Japan компанияларының үлесі бар. Сонымен қатар мәміледен соң басшылықта да ауыс-түйіс болады.
Бірнеше топ-менеджер, оның ішінде атқарушы директор Марисса Майер қызметімен қоштасады. Washington Post-тың жазуынша, Майердің орнына бұған дейін компанияның директорлар кеңесінде жұмыс істеген Эрик Брандт отырады.
Компания өз атауын не себепті Altaba деп өзгерткелі отырғанын ресми мәлімдемей отыр. Дегенмен Wall Street Journal басылымының пайымдауынша, бұл сөз «альтернатива» және Alibaba сөздерінен құралған.
Болжам бойынша, Verizon компаниясы тарапынан Yahoo интернет-бизнесін сатып алу мәлімесі биылғы наурызда ресми түрде рәсімделмек.
Айта кетейік, Verizon Communications телекоммуникация компаниясы Yahoo интернет-компаниясын 4,83 млрд долларға сатып алатындығы туралы ақпарат 2016 жылдың жазында жария болды.
Yahoo-ны 1995 жылы Стэнфорд университетінің студенттері Дэвид Фил және Жерри Янг құрған. Компания 20 жыл көлемінде дербес жұмыс істеп келді.
Yahoo-ның әлем бойынша ай сайын 1 млрд белсенді қолданушысы бар, оның ішінде 600 млн-ы – мобильдік телефонды белсенді қолданушы. 2007-2008 жылдары компанияны 50 млрд долларға сатып алуға ұсыныс жасалған.
2012 жылы компания тізгінін бұған дейін Google-да жұмыс істеген Марисса Майер ұстады. Бірқатар сарапшы мен инвестор оның басқарудағы қателіктерін сынға алған болатын. Соңғы жылдары Yahoo шығын шеге бастады.





Пікір: 0
Пікір қосу