ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Танымал спортшы жекпе-жек басталмай жатып нокаутқа түсіп қалды

Танымал спортшы жекпе-жек басталмай жатып нокаутқа түсіп қалды

Қытайдың Ханчжоу қаласында аралас жекпе-жектен (MMA) өткен WBK 22 турнирі барысында ресейлік Ибрагим Халилов өзбекстандық Бақтияр Баротовты нокаутпен ұтты, - деп хабарлайды baq.kz.

Кездесу ережеге сәйкес өткенмен, көрермендер Халиловтың жеңісіне наразылық танытты.
ММА жекпе-жектерінде спортшылардың алдымен қолғап түйістіріп, сәлемдесуі дәстүрге айналған. Баротов қолын тигізгені сол еді, Халилов жойқын соққымен қарсыласын нокаутқа түсірді. Жекпе-жек 3 секундқа созылды.
«Міне, сондықтан да мен ешқашан қолғап түйістіріп амандаспаймын», - деп жазды жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Коди Гарбрандт.







Пікір: 0
Пікір қосу