ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Черчилльдің Екінші дүниежүзілік соғыс алдында жазған қолжазбасы табылды

Черчилльдің Екінші дүниежүзілік соғыс алдында жазған қолжазбасы табылды

Ағылшын тарихшылары Уинстон Черчилльдің бұрын-соңды еш жерде жарық көрмеген қолжазбасын тапты, - деп жазады aikyn.kz-ке сілтеме жасаған baq.kz.

Британ саясаттанушысы жерасты өркениеті туралы мақаласында бұл тақырыптың адамзатты бұрыннан қызықтырып келе жатқанын мәлім еткен. 1939 жылы жазылған мақаланың көлемі – 11 бет. Бұл екінші дүниежүзілік соғыстан сәл ғана бұрын жазылған. Тақырыбы –«Ғаламшар біреу –ақ па?» деп аталады. Бірақ бұл еш жерде жарияланбаған.

Соғыстан кейін Уинстон Черчилль өзінің жазған зерттеуін қайтадан редакциялаған. Сөйтіп, өзінің досы Эмери Ривсуға сақтауға берген көрінеді. Бұл қолжазбаны ұзақ уақыт сақтаған досы оны музейге өткізген. Бірақ бұл туралы ешкімге тіс жармаған. Аталған қолжазбаны 2016 жылы Черчилль музейінің директоры тауып алып, жұртшылыққа жария еткен көрінеді.

«Ғаламшардағы басқа планеталарда да өмір бар. Оны тек зерттеу керек. Біз қазір ғарыштық эволюциясының жоғары шегінде тұрмыз және жер бетінде ғана ақыл-ой барын жоққа шығаруға болмайды. Бірақ сол ақыл ой, бастамаларымызды адамзаттың өркениетін дамытуға дұрыс пайдаланып жатырмыз ба?» , – деп жазған өз қолжазбасында Уинстон Черчилль.

Nature журналының пікірінше, Черчилльдің позициясы көптеген ксенобиологтардың пікірімен сәйкес келеді. Сондықтан бұл жерде әңгіме Черчилді қызықтырған жерасты өркениетіне тіреліп тұр…

 

 

Пікір: 0
Пікір қосу