ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Лондон көшелеріне жаңа экологиялық такси көліктері шығады

Лондон көшелеріне жаңа экологиялық такси көліктері шығады

  Лондон таксиінің қоршаған ортаға зияны тимейді. London Electric Vehicle компаниясы британ астанасының көшелеріне жаңа экологиялық көліктер шығарды. Бұл техника электрлі қозғалқышпен жабдықталған. Қуатын толық алған жағдайда 120 шақырымға дейін жол жүре алады. Ал батареяларын 25 минут ішінде қуаттауға болады.

Бензин арқылы да от ала береді. Көлікке алты адам сыйып кетеді. Жаңа кэбтің артықшылықтарын жүргізушілер де тексеріп, өз бағасын берді. Қазір Лондон көшелерінде осындай бірнеше такси жүріп жүр. 2020 жылдың соңына қарай 9000 кэб іске қосылады деген жоспар бар. Ал көліктердің еркін жүріп-тұруын қамтамасыз ету үшін оларды қуаттайтын 300 станса салынады. Крис Габби, London Electric Vehicle компаниясының директоры:  – Бұл – мүлдем жаңа көлік. Бір қарағанда әдеттегі лондондық қара таксиді көруіңіз мүмкін, бірақ оның іші бұрынғыларға қарағанда өзгенше. Оның шанағы алюминийден жасалған және электрлік қозғалтқышы бар. Көліктің іші де әдемі, такси жүргізушісі мен жолаушылар үшін өте қолайлы етіп безендірілген.
Дереккөз: 24.kz

Пікір: 0
Пікір қосу