Болашақтағы iPhone SE2 туралы мәлімет шықты

0 0

Желіде болашақ iPhone SE2 туралы алғашқы мәліметтер тарады. Оның тұсаукесері биыл өтеді деп болжам жасалды. Таралған әр түрлі қауесеттерге қарағанда жаңа iPhone-да шыны корпус пен сымсыз зарядтау функциясы болады. Гаджет iPhone 7-де қолданылатын A10 процессорымен жабдықталған. Ішкі жады мөлшері 23-тен 128 Гбайтқа дейін болмақ.

Сонымен бірге, смартфонның диагоналі өте үлкен емес. Болжамды ақпарат бойынша 4-4,2 дюйм болады. Негізгі камера 12 Мп, ал алдыңғы камера 5 Мп-ге тең. Гаджет құны шамамен 400 АҚШ долларын құрайды.  Айта кетейік, іРhone өнімдеріне 2018 жылы өзгеріс жасалады. Apple компаниясының айтуынша, қолданушылар үшін Iphone өнімдерінің қуат көзі тез таусылып қалады және бұл бренд үшін түбі зиянын тигізу мүмкін деген ниетпен, іРhone батарейкаларын ауыстыру құнын үш есеге түсірді. Мәселен осы уақытқа дейін батарейканы ауыстыру құны – 79 доллар болса, енді ол 29 долларға дейін түсуі мүмкін.

Дереккөз: massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.