Исландия билігі Андрей есімін балаларға қоюға тыйым салды

0 0
Андрей есімі Исландияның фонетикалық канондарына сай келмейтіндіктен, билік бұл есімді балаларға қоюға тыйым салды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Укрnews сайтына сілтеме жасап.
«Исландияның территориясында дүниеге келген балаларға қоюға болатын тізімнен Андрей есімі түсіп қалды. Мамандардан құралған комиссия Andrej есімі соңында жазылатын әріптердің Исландия фонетикасының ережелеріне бағынбайтынын айтты», — делінген баспасөз хабарламасында.

Бірақ, бұл есімді балаға келесідегідей түрлендіріп қоюға болады: Андри, Андреан, Андреас, Андэ және Андрес.

Андрей есімі славян елдерінің арасында кеңінен таралса да, оның түп-тамыры грек тілінен шыққан. Аударғанда «батыр, ер мінезді, мықты» деген мағынаны білдіреді.

Исландия тұрғындарына қоюға рұқсат берілетін есімдер тізіміне ену үшін, жаңа есім толықтай аталған елдің фонетикасы мен орфографиялық ережелеріне бағынуы тиіс. Мұнымен қатар, жаңа есім тек Исландия әліпбиіндегі әріптерден құралуы тиіс. Ал Исландия әліпбиінде С, Q, W және Z сынды латын әріптер жоқ.

Дереккөз: baq.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.