Telegram мессенджері AppStore қосымшасының дүкенінен жоғалып кетті

0 0

Telegram мессенджері және оның Telegram X нұсқасы AppStore қосымшасының дүкенінен жоғалып кетті. Мұндай жағдайды әлеуметтік желілердің пайдаланушылары байқаған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бағдарламаны жасаушы ​​Павел Дуров жағдайдың кішігірім проблемалармен байланысты екенін түсіндіріп, көп ұзамай қателіктер жойылатынын түсіндірді. Бірақ, ақаудың нақты не себебепті болғанын ашып айтқан жоқ.

Айта кетейік, бұқаралық ақпарат құралдарын 8 қаңтарда Telegram 2018 жылдың наурызына дейін өзінің блокчейні мен Gram криптовалютасын іске қосатынын жариялаған болатын. Криптовалютасын шығару үшін компания ICO (Initial Coin Offering, бастапқы таңбалауыштарды орналастыру) өткізеді. TechCrunch компаниясының бағалауынша мессенджер 3-5 млрд долларды тартады.

Дереккөз: baq.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.