Amazon әлемдегі ең қымбат бренд болды

0 0

Brand Finance консалтинг компаниясы ең қымбат әлемдік брендтердің жылдық рейтингін жариялады. 500 компанияның тізімінде Amazon компаниясы алғаш рет көш бастап тұр. Бұл бренд бір жыл ішінде 42%-ға қымбаттап, тізімдегі екі позицияға көтерілді. 2018 жылы Amazon брендінің құны 150,8 млрд долларға бағаланып отыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Капитал» басылымына сілтеме жасап.

 Apple ең қымбат брендтер рейтингінде екінші орынды сақтап қалды. Бір жыл ішінде 37%-ға артып, 146,3 млрд долларға жетті. Ал, үшінші орында — Google, ол 2017 жылы тізімінің басында болған болатын. Google бренді 10 пайызға қымбаттап, 120,9 миллиард долларға жетті.

Сонымен қатар, ондыққа Samsung, Facebook, AT&T, Microsoft, Verizon, Walmart және ICBC компаниялары енді.

Brand Finance 1996 жылы Лондонда құрылған және брендтердің капитализациясын бағалайтын әлемдегі жетекші тәуелсіз консалтингтік компания болып табылады. 2018 жылғы жаңа тізімге әлемдегі 500 ірі компания ұсынылды.

Дереккөз: Baq.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.