Кемеровода сауда орталығындағы өрттен қаза тапқандардың барлығының тұлғасы анықталды

0 0

Кемеровода сауда орталығындағы өрттен  қаза тапқандардың барлығының тұлғасы анықталды. Ресей Тергеу комитеті генетикалық сараптаманың аяқталғаны жөнінде мәлімдеді. Сараптама және із-түзсіз жоғалып кеткендер туралы мәліметтерді тексеру қорытындысының негізінде, тергеушілер «Зимняя вишня» сауда орталығында 60 емес, 64 адам қаза тапты деген тұжырымға келді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетсек, 60-тан аса адамның өмірін жалмаған өрт 25 наурызда болған еді. Сауда орталығының балалар алаңындағы сымдардың қысқа тұйықталуының салдарынан өрт шыққан. Анықталғандай, дабыл қағу жүйесінде су болмапты. Тергеушілер 4 бап бойынша істі жүргізіп жатыр. Олардың қатарында «қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін қызмет көрсету» бабы да бар.

Аталған іске қатысты 8 адам күдікке ілініп отыр. Күдіктілер қатарында сауда орталығының техникалық директоры, өрт дабылдамасына қатысты қызмет көрсететін компания басшысы, өрт қарауылының басшысы мен күзетші бар.

Кеше өрт салдарынан өлім мен өмір арасында арпалысқа түскен 11 жасар бала ауруханадан шықты. Ол өрттен аман қалу үшін, ғимараттың 4-қабатынан секіріп кеткен. Салдарынан жарақат алып, 2 тәулік бойы комада жатқан. Ал есін жиіп, өзіне келгеннен кейін, өрт салдарынан ата-анасы мен қарындасы көз жұмғанын білді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.