Джеймс Бондтың көлігі аукционда $6,4 млн сатылды

0 0

«Голдфингер» (Goldfinger, 1964) кинофильміндегі Джеймс Бондтың Aston Martin DB5 көлігі Монтерей қаласындағы (АҚШ, Калифорния штаты) аукционда $6,4 млн сатылды.

Бұл туралы жұма күні Sotheby’s аукцион үйі хабарлады. «Әлемдегі ең танымал көлік – 1965 жылғы Aston Martin DB5 жаңа ғана $6,4 млн сатылды. Монтерейдегі Sotheby’s аукционы DB5 моделі үшін жаңа рекорд орнатты», — делінген аукцион үйінің Twitter-дегі хабарламасында. Көліктің жаңа иесінің кім екені жария етілмеді. Киноэкранда машина 1964 жылы дебют жасады.

Ол құпия қызметтің британдық агенті Джеймс Бонд туралы үшінші фильмде — «Голдфингер» киносында көрсетілді. Қазірге дейін Джеймс Бонд туралы 24 фильм түсірілген. Ол көрермендердің көңілінен шығып, жалпы $10 млрд қаражат жинады.

Дереккөз: «inform.kz»

Leave A Reply

Your email address will not be published.