Испанияда карантин шаралары күшейтілуі мүмкін

0 0

Испаниядағы Каталония билігі соңғы 10 күнде коронавирус жұқтырушылар саны артса, карантин шараларын күшейтетінін мәлімдеді. Бұл туралы «ZhambylNews» АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Жергілікті билік Каталонияның шамамен төрт миллион тұрғынының үйде болуы туралы өкім шығарған. Дүйсенбі күні Каталония президенті Квим Торра індет жұқтыру оқиғаларының саны алдағы он күнде азаймаса, карантин шараларының күшейтетінін ескертті.

Испандық шенеуніктер вирустың қадағаланып отырғанына сендіріп, кейбір аудандар, соның ішінде Балеар аралдарының карантиннен босатылғанын қалап отыр.

Еске салсақ, Ұлыбритания билігі тұрғындарына Испанияға қажетсіз сапар жасаудан бас тартуға үндеп, шектеулер қойып жатыр. 2019 жылы Испанияға 18 миллионға жуық британдық азамат саяхаттап барған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.