ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Қордай ауданында ұзындығы 7 метрге жететін қызанақ түрі өсірілуде

Қордай ауданында ұзындығы 7 метрге жететін қызанақ түрі өсірілуде

Қордай ауданындағы "Грин Вил" ЖШС өткен жылдан бастап жылыжай кәсібін қолға алды. Бүгінде 2 гектар жерге қызанақтың голландиялық және жапониялық түрлері өсірілуде.

         Ұзындығы 6-7 метрге дейін жететін өнімнің түрі және дәмі айрықша келеді. Қызанақ гүлдеген кезде тозаңдандыру үшін бал аралары жіберіледі. Әр көшеттің түбіне тамшылатып суару жүйесі орнатылған.
         - Жылыжайға көшеттер былтырғы жылдың қараша айында тәжірибе ретінде отырғызылды. Мемлекет тарапынан 30 пайыз субсидия бөлінді,-дейді ЖШС меңгерушісі Исмаил Харки.
         Мұнда егін жылына 2 рет жиналады. Қызанақтың ерекше түрлері гектарына 300-400 тоннаға дейін өнім береді.

         Серіктестік өнімдері мейрамханалар мен дәмханаларға өткізіледі. Қыс маусымында олардың бағалары келісіне 600-800 теңге шамасында болады.  
         Кәсіпорын бүгінде 2 гектар жерге құлпынай өсіруді жоспарлауда. Қазіргі таңда құлпынай жылыжайының құрылысы жүргізілуде. 

Пікір: 0
Пікір қосу