ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Қордайлық сауда орталығында нан өнімінің 15 түрі өндірілуде

Қордайлық сауда орталығында нан өнімінің 15 түрі өндірілуде

Қордай ауданындағы "Флагман" сауда үйі өткен жылдың желтоқсан айында ашылған. Тұтынушылар орталықтан азық-түлік өнімдерінен бастап киім-кешек, ыдыс-аяқ, мектеп оқушыларына арналған кеңсе заттары сияқты көптеген тауар түрлерін таба алады.  

         Мұнда ұн, май, күріш секілді сұранысқа ие тауарларды төмен бағамен алуға болады. Ал ет жергілікті кәсіпкерлерден жеткізіледі.
         - Нысан өз қаражамытымызға ашылды. Жеткізушілермен тікелей жұмыс жасайтындықтан тауарлар арзан. Баға бақылауда,-дейді орталық меңгерушісі Бағдагүл Дегенбаева.
         Сауда үйінің бір ерекшелігі, нан және кондитерлік өнімдер осы жерде пісіріліп, сатып алушыларға жаңа күйінде ұсынылады. Бүгінде нанның 15 түрі осында өндірілуде. 

         - Біз күніне 30-40 дана торт және 50-60 келі тәтті тоқаштар пісіреміз. Тауарларымыз сұранысқа ие. Бөлімде 8 адам еңбек етеді,-дейді кондитерлік бөлімнің меңгерушісі Зәуре Әбдірайымова. 
         Орталық алдағы уақытта әлеуметтік нан өндірісін ұлғайтпақ, ол үшін арнайы пешке тапсырыс берілген.

         Сауда үйінде барлығы 35-40 адам жұмыс жасайды, олардың орташа айлық жалақысы  70 мың теңгені құрайды. 
Пікір: 0
Пікір қосу