ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Қордай ауданында бетоннан жасалған бұйымдар шығарылуда

Қордай ауданында бетоннан жасалған бұйымдар шығарылуда

    Қордай ауданындағы "Жиһаз 2" ЖШС өз жұмысын 2013 жылы бастаған. Серіктестік құм блоктары, плиталар, брусчаткалар, еуро қабырғалар, бетоннан жасалған бұйымдар шығарумен айналысады.

         Өндіріс орыны отандық шикізатты қолданады. Мұнда цемент Мойынқұмның Мыңарал, Хантау зауыттарынан, құм Шу ауданынан жеткізілсе, бояулар Алматы қаласынан алынады.
         Серіктестік  "Даму" қоры арқылы 8 млн. теңге несие алған. Қор оның 7 пайызын субсидиялаған.
         - Мемлекет тарапынан қолдауды сезініп отырмыз. Алған несиемізді жарты жылдан соң толықтай өтейміз. Алға қойған мақсаттар мен жоспарлар көп,-дейді ЖШС директоры Марат Отарбаев.
         Өндіріс орнында брусчатканың 25, құм блогының 7-8 түрі шығарылады.  Олардың бағасы  салмағы мен түріне қарай 100 теңге мен  250 теңге аралығын құрайды.

         Мұнда 25 адам еңбек етеді. Ал тапсырыс көбейгенде жұмысшылар саны 40 адамға дейін артады. Олардың айлық жалақысы атқаратын қызметіне қарай 70 мыңнан 140 мыңға дейін барады. Жұмысшыларға бір мезгіл ыстық тамақ беріледі және оларға таза киімдер алатын арнайы бөлме бөлінген. 

         Бүгінде серіктестік тауарлары Шу және басқа аудандарға  жеткізілуде.
         - Тауарлардың өтуі көңілден шығады. Жақында ғана 3 мың текше метр брусчатка Шу қаласына жөнелтілді. Тапсырыс бойынша басқа да ұйымдармен келісім жүргізілуде,-дейді Марат Отарбаев.

Пікір: 0
Пікір қосу