ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Алтынмен өрнектелген монумент Тараз тұрғындарының игілігіне ұсынылады

Алтынмен өрнектелген монумент Тараз тұрғындарының игілігіне ұсынылады

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай республиканың әр өңірінде түрлі құрылыс жұмыстары жүргізіліп, елдегі сәулет өнерінің дамуына елеулі үлес қосатын ғимараттар бой көтеруде. Бұл тұрғыда Тараз қаласы да қалыс қалып отырған жоқ.


Мәселен, Төле би көшесінің бойынан қазығы қағылып, бүгінде құрылысы аяқталуға жақын қалған «Гүлденген Қазақстан» мемориалды кешені жуырда қала тұрғындарын қуантпақ. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан бас мердігер -  «Визарт НТ» ЖШС-і. Монумент - арка түрінде жобаланған. Арканың үстіңгі төбесінде шаңырақ, сегіз бұрышты шығыс жұлдызы бейнеленген. Оның биіктігі 15,8 метр, ал ені – 3,5 метрді құрайтын болады. Арка ортасында төменгі тұсында жер шарын бейнелейтін күміс шар орнатылған. Бүкіл композициялық элементтермен бірге монумент Қазақстан Тәуелсіздігін, өрлеу дәуірін, ежелгі Түрік көшпенділерімен бүгінгі күнге дейінгі ұрпақ жалғастығын білдіретін болады.

Қазақтың иісін аңқытып, көргенде бірден көз тоятындай болып бой көтеріп келе жатқан туындының авторлары - А. Назарқұл, А. Рыспаев, И. Бекежанов және Ж.Суанбек. 


Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнайы соғылып жатқан бұл монументтің құрылыс жұмысы ағымдағы жылдың қараша айында аяқталады деп күтілуде.    


Пікір: 0
Пікір қосу