ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Жамбыл облысынды "Жамбыл жауһары" атты байқау өтеді

Жамбыл облысынды "Жамбыл жауһары" атты байқау өтеді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Жамбыл жауһары» атты виртуалдық шығармашылық конкурсын өткізу жоспарлануда. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығының баспасөз қызметі хабарлайды.
Жамбыл облысынды "Жамбыл жауһары" атты байқау өтеді

I.  Жалпы ережесі
1.1 Конкурс ұйымдастырушы  – Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығы
1.2 Конкурстың мақсаты мен міндеттері:
-Жамбыл облысының  бірегей ерекшеліктеріне назар аударту; 
- Қоғамның жан-жақты өмірі мен қызметін көрнекі түрде көрсету;    
- Халықтың азаматтық және шығармашылық белсенділігін ынталандыру.  

 
II. Конкурстың шарттары
2.1Конкурсқа Жамбыл облысында тұратын кәсіби және кәсіби емес фотосуретшілер, суретшілер қатыса алады. Жасы  шектелмейді.
2.2Әр қатысушыдан 5-тен аспайтын жұмыс қабылданады. 
2.3Ұжымдық фотоматериалдар қабылданады (редакция, студия т.б.).
2.4Конкурсқа қатысуға төлемақы алынбайды.
2.5Плагиат пен біреудің идеясын пайдаланылған жұмыстар конкурсқа жіберілмейді.
2.6Конкурсқа қатысуға өтініш білдірген автор, өзінің жұмыстарын коммерциялық емес мақсатта пайдалануға болатынына келісімін бергенің білдіреді. 
2.7Конкурсқа жіберілген жұмыстар Облыстық халық шығармашылығы орталығының https://vk.com/zhocnt     ресми  тобында жарияланады. 
2.8. Конкурсқа жіберілген жұмыстар төмендегі жағдайда қабылданбайды: 
-   Тақырыпқа сай болмаған кезде; 
-   Техникалық және көркемдік сапасы төмен болғанда;
-   Жұмыстарда эротика, зорлық-зомбылық, дін мәселесіне қайшы элементтер байқалған жағдайда.
-   Байқаудың шешімі қайта қарауға жатпайды.
2.9 Конкурстық жұмыстардың кез келгенііі графикалық редакторлармен өнделуіне тыйым салынады.
 
III. Конкурстың номинациялары мен тақырыптары
Номинациялар:
1. Фотосурет (фотография)
2. Бейнелеу өнері (живопись, графика)
 
Тақырыптары:
1.«Жамбыл облысының табиғаты» - облыстың әр мезгілдегі көріністері.2. «Жамбыл облысының тарихы» - осы уақытқа дейін сақталған қала, ауыл көріністері, бірегей ғимараттар,  демалыс орындары және т.б. Конкурсқа 2014 жылдан ерте жасалған жұмыстар қабылданбайды.
 
IV. Конкурстың өту тәртібі
 
4.1 Конкурс  2016 жылдың  қазан-  қараша айлары аралығында өтеді. 
Конкурс кезеңдері:
-   1 қазан –5 қараша – өтініш беру, қатысушыларды тіркеу; 
-   20 қазан – 20 қараша сағ.12–00 дейін дауыс беру;
-    6 желтоқсан -  марапаттау рәсімі; 
4.2  Жүмыстар  мына электрондық пошта арқылы қабылданады -ocnt_taraz@mail.ru  ( «Жамбыл жауһары»):
-  Конкурсқа қатысу өтініші (қосымша № 1);
- А3 форматқа басып шығаруға болатындай JPG форматтағы фотожұмыстар, бейнелеу суреттер қабылданады  (әр жұмыстың авторы мен атауы жазылуы тиіс).
4.3   Толығырақ ocnt.skom.kz. сайт арқылы білуге болады
V. Жеңімпаздарды анықтау:
 5.1 https://vk.com/zhocnt қолданушылары әр номинация бойынша ұнаған шығармашылық туындыларына өз дауысын бере алады.
5.2Байқаудың жеңімпаздарын сайт және әлеуметтік желілер қолданушылары  дауыс беру «Нравится» («лайк») арқылы анықтайды.
5.3 Қатысуға және дауыс беруге Facebook,  Vkontakte  әлеуметтік желілерін қолдануға болады.F
555
«VІ.»Марапаттау
 
6.1Ұйымдастырушы комитетінің шешімі бойынша үздік деп белгіленген әр номинация бойынша үш қатысушының жұмысы диплом және құнды сыйлықтармен марапатталады.
6.2 Жеңімпаздардың суреттері мен материалдары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
6.3 Байқаудың жеңімпаздарын марапаттау «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ- ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 НЕГІЗІ» аясында 6 желтоқсан күні  Тараз қаласында  өтеді.
 
Қосымша ақпарат
Жобаны ұйымдастырушы  Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығынан төмендегі телефондар арқылы қосымша ақпараттар алуға болады: 
8 (726) 2 45 02 36 , 45 25 59
t_88888888888taraz@mail.ru
8 (726)2 45 02 36
8 707 279 23 18, 8 702 835 19 52, 8 701 461 05 37.
 
Байқауға қатысып жүлдеге ие болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз! Қатысыңыз! Дауыс беріңіз!
 
                                          
 
                                                       


Пікір: 0
Пікір қосу