ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Тараз тұрғындары "Қала күнін" дүркіретіп атап өтті (ФОТО)

Тараз тұрғындары "Қала күнін" дүркіретіп атап өтті (ФОТО)

Тараз тұрғындары "Қала күнін" дүркіретіп атап өтті,-деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.
Орталық стадионда «Тәуелсіз –елім, ұлы өлкем, сүйікті қалам» атты шара мерекелік шара ұйымдастырылды. 
Ол «Көне Тараз-тарихымның тереңі», «Менің сүйікті қалам»,  «Ән-жырым саған Туған ел!», «Гүлдене бер туған жерім Қазақстан!» атты 4 композициядан тұрды. Композициялардың барлығы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өтті.

 
Іс-шараға жалпы 2000 мыңға жуық қаланың жоғарғы және арнаулы оқу орындарының студенттері, жалпы білім беру мекемелерінің қызметкерлері, Оңтүстік әскери аймағының сарбаздары, облыстық қазақ драма театрының әртістері, қалалық мектептен тыс шығармашылық орталығының бүлдіршіндері қатысты.

 
Шара барысында Тараз қаласының әкімі Н.Календеров  қала жұртшылығын және қала қонақтарын мерекемен құттықтап, Бразилиада өткен 15-ші Жазғы Паралимпиада ойындарында жүзуден алтын медальға ие болған Зүлфия Ғабидуллинаныт«Жыл адамы» номинациясымен   марапаттады.
 Шара соңы мерекелік отшашу ұласып, Қазақстан эстрада жұлдыздары Айқын Төлепберген, Ғәділбек Жанай және «Тарту» тобының ән шашуларымен аяқталды.
ФОТО: Ирина Кожухарова
Пікір: 0
Пікір қосу