ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Т. Рысқұлов ауданында «ерекше» макарон түрлері өндірілуде

Т. Рысқұлов ауданында «ерекше» макарон түрлері өндірілуде

Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданында орналасқан «Ақтоған» шаруа қожалығы диеталық макорон өнімдерін өндіруде, - деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

Украиндық және итальяндық ұн өнімдерін әзірлейтін өндірістік желісі бар «Ақтоған» шаруа қожалығынан шығатын тауарлар Қазақстанның ішкі нарығындағы айналымда бар. Комбинат макарон, жарма ұнтағы және ұн сынды өнімдерді шығарады.
- Біздің цех макарон өнімдерінің 25 түрін шығарады. Тәулігіне украиндық желі 10 тонна дайын өнім береді, ал итальяндық – бес  тонна. Аталған кәсіпорында жалпы саны 25 адам қызмет етеді және олардың орташа айлық жалақысы 60 мың теңгені құрайды. Өнім Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарына жеткізіледі. Өнімдер көтерме бағалармен сатылымға шығарылады, олардың бір келісі – 125 теңге, ал бес келілік қаптама – 525 теңгеге бағаланған. Кәсіпорын жылдың аяғында бешбармақтың салмасын әзірлеуді жоспарлап отыр, - дейді жас маман Шамиль Өзбеков.
Жұқа бүйірлі және қалың бүйірлі  ұн өнімдерінің айырмашылықтарын түсіндірген Шамиль Өзбеков Жамбыл облысының нарығында диеталық макаронның бұрыннан бар екенін айтты. Белгілі  болғандай, диеталық макарон өнімдерін екінші сұрыптағы шикізатты өндіру арқылы алады екен. Олар тек түстері арқылы ажыратылады және диеталық макарон өнімдеріне балауыз азырақ мөлшерде қосылады. Бұл өнімдер артық салмақтан арылғысы келетін адамдарға пайдалы.

Пікір: 0
Пікір қосу