ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Т. Рысқұлов ауданының қамбасына 187, 9 мың тонна астық құйылды

Т. Рысқұлов ауданының қамбасына 187, 9 мың тонна астық құйылды

Биыл Т. Рысқұлов ауданында 78300 гектар масақты алқап толығымен  орылып, қамбаға 187,9 мың тонна астық құйылды. Орташа өнім әр гектардан 24 центнерді құрады,-деп хабарлайды "ZhambylNews" ақпарат агенттігі.
Науқанға 393 шаруашылық қатыстып, 186 дана комбайн қолданылды. 
Механикаландырылған 34 ток және 18 асфальталынған астық қырманы, 54 жүк таразасы  сапалы жұмыс атқарды.
Сыйымдылығы 30000 тонналық Малдыбай ауылындағы «Луговой жылқы зауыты» ЖШС иелігіндегі механикаландырылған астық қабылдау пункті, одан басқа 43 астық қоймалары сырланып, әктеліп, биылғы жылдың өнімін қабылдады.
Сондай-ақ, 10300 га мақсары дақылы толықтай орылып, әр гектардан орташа 5 центнерден келді. Қамбаға 5150 тонна дән құйылды.


Пікір: 0
Пікір қосу