ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Т. Рысқұлов ауданында күзгі дала жұмыстары қызу жүргізілуде

Т. Рысқұлов ауданында күзгі дала жұмыстары қызу жүргізілуде

Т. Рысқұлов ауданының дихандары күзгі дала жұмыстарын қызу жүргізуде,-деп хабарлайды "ZhambylNews" ақпарат агенттігі.
Бүгінде жоспардағы 45000 гектар пар толық көтерілді. Алдағы жылдың өніміне себілетін 32000 гектар күздік бидайдың орнына 32933,6 гектар себіліп, жоспар 102,9 пайызға орындалды. Егін себу науқаны ары қарай да жалғасын табуда. 
Сондай-ақ, ауданда биылғы жылдың өніміне жиналатын 97 гектар қант қызылшасының бүгінде 10,1 гектары жиналды. Қант зауыттарына 34 тонна өнім өткізілді.
Ауа райының қолайлылығын күтіп, қант қызылшасы түбірін жауын-шашынға ұрынбай жинап, қант зауыттарына өткізу мақсатында тиісті шаруашылықтармен жұмыстар ұйымдастырылуда.
Пікір: 0
Пікір қосу