ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Жамбыл облысында командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізіледі

Жамбыл облысында командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізіледі

2016 жылғы 8 қарашада «Басқару органдары және азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің күштерін қысқы мезгілдегі төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюға дайындау» тақырыбында Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізіледі. Бұл туралы Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіі хабарлайды.
Оқу-жаттығу Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі және халықтың қысқы мезгілдегі төтенше жағдайларды жоюға дайындығы мен қабілеттілік деңгейін арттыру мақсатында өткізіледі.
Оқу-жаттығу барысында келесі мәселелер бойынша іс-шаралар жасалып өтіледі:
- авариялық құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды негізгі күшті бірінші кезекте адамдарды іздеу мен құтқаруға жинақтауды ескерере отырып жүргізу, оларға алғашқы медициналық жәрдем көрсету, қауіпті орындардан жылыту пункттеріне (шатырлы лагерлерге) алып шығу (тасу), жақын орналасқан елді мекендерге және емдеу мекемелеріне жеткізу;   
- ТЖ аймағында және зардап шеккен тұрғындарды орналастыру орындарында халықтың тіршілік әрекетін қамтамасыз ету (шатырлы лагерлерде);
- ТЖ туындаған орындар мен аймақтарда халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, автокөлік жолдарында қозғалысты реттеу (оны шектеу немесе тыйым салу), эвакуацияланған тұрғындардың орналасу орындарында қоғамдық тәртіпті ұстау (шатырлы лагерлерде);
- мүдделі мемлекеттік органдар мен халықты жедел құлақтандыруды өткізуге, эвакуациялық іс-шараларға ішкі істер органдары бөлімшелерінің қатысуы;
- эвакуацияланған тұрғындарды тіркеу және мекен-жай  анықтамалық жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз ету;
Және де оқу-жаттығу шеңберінде дағдарыс жағдайы туындаған орындарға және антитеррорлық операцияларды өткізу кезіндегі әрекеттерге құқық тәртібі күштерін жөнелту мәселелерін жасап өту жоспарланып отыр.
Пікір: 0
Пікір қосу