ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Биыл Тараз қаласында 207 мың шаршы метрден астам тұрғын үйлерді пайдалануға беру жоспарлануда

Биыл Тараз қаласында 207 мың шаршы метрден астам тұрғын үйлерді пайдалануға беру жоспарлануда

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «Бәйтерек Девелопмент» АҚ Басқарушы директоры Асылжан Әлімжанұлы мәлімдеді.
            А.Құртаевтың хабарлауынша, пәтерлерді өткізу екі бағыт бойынша жүзеге асырылады: «Қазақстанның тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі бойынша кредиттік тұрғын-үй сатылады және жалға берілетін тұрғын-үй жергілікті атқарушы органдар арқылы бөлінеді. Банктің салымшылары үшін бір шаршы метрдің құны 131 мың теңгеден 145 мың теңгеге дейінгі аралықта болады. Жалға берілетін тұрғын-үй әкімдіктерде пәтер алуға кезекке тіркелген әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға беріледі.
            Құнына қатысты айтар болсақ, тұрғын-үйді сатып алу құқығымен жалдаудың ай сайынғы төлемі айына шаршы метр үшін 1110 теңгеден аспайды. Сөйтіп, көлемі 50 шаршы метр пәтерді сатып алу құқығымен жалдау кезінде ай сайынғы төлем 55 500 теңгені құрайды. Ипотекадан айырмашылығы, мұнда бастапқы жарна керек емес және 18 жыл жалдағаннан кейін пәтер тұрғындардың меншігіне айналады, - деді спикер.
            Тұтас алғанда, өңірлерде «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша бірқатар объектілер құрылыстың белсенді немесе соңғы кезеңінде тұр. Ағымдағы жылдың соңына дейін Қызылорда, Тараз, Қостанай, Шымкент және Ақтөбе қалаларында 207 мың шаршы метрден астам тұрғын үйлерді пайдалануға беру жоспарланған.
              «Бәйтерек девелопмент» АҚ бүгінгі күні Қазақстанның 14 өңірінде тұрғын-үй объектілерінің құрылысын инвестициялауға жалпы жиынтығы 44 шарт жасасты.
              Біз 2016-2017 жылдарға республика бойынша 691 мың шаршы метрден астам тұрғын-үйлерді немесе 11 000-нан астам пәтерлерді пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз.         Сондай-ақ, тек «Бәйтерек Девелопмент» АҚ желісі бойынша 11 мыңға жуық қазақстандық отбасы кепілді түрде тұрғын үйге ие болатындығы туралы мәлімдеді басқарушы директор.
 
 

Пікір: 0
Пікір қосу