ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Мойынқұм ауданында асыл тұқымды сиыр түрлері өсірілуде

Мойынқұм ауданында асыл тұқымды сиыр түрлері өсірілуде

Мойынқұм ауданы Кеңес ауылында орналасқан «Ақ отау» шаруа қожалығы 5 жылдан бері сиыр тұқымын асылдандыруды қолға алды. Қазір мұнда 180 бас қазақтың ақбас сиыры өсірілуде.

Аталған кәсіппен айналысуды 15 жыл бұрын қолға алған қожалық иелігінде одан басқа 800 қой, 120 жылқы малы бар.
Негізінен ет бағытында жұмыс жасайтын шаруашылық асыл тұқымды әр сиыр үшін мемлекеттен 18000 теңге субсидия алады.
- «Бүгінде 70-80 бас сиыр және 20-30 бас жылқы малын бордақылаймыз. Сиырдың биылғы төлдері, яғни 6-7 айлық тайыншалар 250, ал үлкендері 300 келіге дейін ет береді»,-дейді қожалық басшысы Берік Ілдебаев.
Шаруашылық айына 1 тоннаға дейін өнім өткізеді.  Мойынқұмдағы жергілікті қабылдау орыны еттің 1 келісін 1100 теңгеден қабылдайды.
Қожалықта барлығы 7 адам жұмыс жасайды. Олардың орташа айлық жалақысы 55-60 мың теңгені құрайды.  
«Өз кәсібін жүргіземін деушілерге мемлекет тарапынан үлкен көмектер көрсетілуде. «Ақ Отау» шаруа қожалығы лизингке 2 жаңа трактор мен шөп тығыздайтын құрал алған болатын. Енді келесі жылы «Сыбаға» және «Береке» бағдарламаларына қатысуға құжат әзірлеп жатыр»,-дейді ауыл әкімі Әділет Мұқашев. 

Пікір: 0
Пікір қосу