ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Тараздық 16141 азамат "Нұр Отан" партиясының мүшесі болып табылады

Тараздық 16141 азамат "Нұр Отан" партиясының мүшесі болып табылады

Бүгінгі таңда "Нұр Отан" партиясының Тараз қалалық филиалы 62 бастауыш партия ұйымы мен 16141 партия мүшесі бар облысымыздағы ең іргелі саяси ұйымдардың бірі болып табылады.

        Есепті мерзімде партия Жарғысына сай атқарылған істер мен ішкіпартиялық тәртіпті нығайту нәтижесінде, партия қатары саяси ерік-жігері қалыптасқан саналы азаматтармен толыға түсті. Нәтижесінде соңғы екі жылда 1328 адам өз тағдырларын «Нұр Отан» партиясымен тығыз байланыстыру жөнінде шешім қабылдап, партия мүшелігіне өтті. Оның ішінде, партия қатарына қабылданған жастардың саны артып, олардың үлесі 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 775 мүшеге өсті.


Пікір: 0
Пікір қосу