ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » «ZhambylNews» ақпарат агенттігі «Ең үздік ФОТОСУРЕТ» интернет-байқауын жариялайды

«ZhambylNews» ақпарат агенттігі «Ең үздік ФОТОСУРЕТ» интернет-байқауын жариялайды

«ZhambylNews» ақпарат агенттігі Қазақтан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ең үздік ФОТОСУРЕТ» атты интенет-байқауын жариялайды.
Жамбыл облысының тыныс-тіршілігін, даму тарихын баяндайтын «Ең үздік ФОТОСУРЕТ» интернет-байқауының ережесі
Интернет-байқаудың мақсаты:
-         Жамбыл облысының Тәуелсіздік жылдарындағы даму тарихын, тыныс-тіршілігін, қол жеткізген жетістіктерін насихаттау және ақпараттандыру.
Интернет-байқаудың шарттары:
-         Суреттердің мазмұны байқаудың мақсатына сай болуы керек;
-         Сурет саны 5-тен аспауы тиіс;
-         Суреттер қатысушының жеке парақшасында және «ZhambylNews» ақпарат агенттіне тиесілі «ZhambylNews», «КazakNews»,  «KazPress», «Новости Жамбылской области», «Новости центра и власти», «KZ» группаларында жариялануы керек.
Интернет-байқаудың өткізілетін мерзімі:
-         Байқау ереже жарияланған күннен бастап 2 аптаға жалғасады.
Интернет-байқаудың қатысушыларына қойылатын талаптар:
-         Байқауға кез-келген Фейсбук әлеуметтік желісінің қолданушысы қатыса алады.
Интернет-байқаудың жеңімпазын анықтау тәртібі:
-         Группаларда ең көп лайк және пікір жинаған фотосурет иесі жеңімпаз болып танылады.
Интернет-байқаудың жеңімпазын марапаттау ережесі:
-         Байқау жеңімпазына диплом және бағалы сыйлық тапсырылады.

Пікір: 0
Пікір қосу