ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Жамбыл облысында балалар ортопедиясындағы өзекті мәселелері талқыланды

Жамбыл облысында балалар ортопедиясындағы өзекті мәселелері талқыланды

Жамбыл облыстық балалар ауруханасында  «ВI-Жұлдызай»  қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен «Балалар ортопедиясындағы өзекті мәселелер» тақырыбында халықаралық ғылыми - практикалық семинар болып өтті. Бұл туралы Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Жамбыл облыстық балалар ауруханасында  «ВI-Жұлдызай»  қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен «Балалар ортопедиясындағы өзекті мәселелер» тақырыбында халықаралық ғылыми - практикалық семинар болып өтті. Оның барысында Литва қоғамдастығының  Президенті, Вильнюс университетінің балалар ортопедиясы клинакасынының меңгерушісі, м.ғ.д. травматолог-ортопед дәрігер, PhD профессор Санюкас Кестутистың қатысуымен жаңаша әдіс-тәсілге негізделген ортопедиялық оталар жасалып, шеберлік сыныбы өтті.
«Ота жасалған балалар - бес, төрт жарым, жеті және  11 жаста. Олар  іщтен аяқ ақауымен туылғандықтан, хирургиялық тәсілмен ғана емделеді. Бір күні осындай бағыттағы, яғни қисық өскен сүйек түзетіліп, арнайы шунт қойылды.  Алдағы уақытта балалар толық жазылып кететініне сенімдімін. Өсіп келе жатқан ағза мұндай үрдісті тез қабылдайды. Бүгінге 4   операция жасалып, олардың барлығы сәтті өтті» - дейді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары  Азат Сатжанов. 
Мұндай  аурулардың дамуының басты себебі - бас миының жүйке орталықтарының құрсақтағы зақымдануы болып табылады, сондықтан әр түрлі ауырлық деңгейдегі қозғалыстар мен  ағзадағы бұзылушылықтар - дерттің бой көтеруіне алып келеді. Оған шалдыққан  науқастар  айқын контрактуралардың, бұлшық еттердің деформациялануынан және бұлшық еттердің жоғары тонусынан, көбіне, өздері қозғала  алмайды. Кейбір жағдайларда емделушілерде ауру клиникалық түрде көрінбейді. Ауру даму деңгейіне шықпай тұрғанда, уақытты өткізіп алмай, дәрігерге қаралып, емделу қажет. Ал, оның шипасы – көп жағдайларда хирургиялық тәсіл арқылы жүзеге асатындықтан, мұндай жағдайда психологиялық көмек те артықтық етпейді. 
Әлеуметтік  жоба 2013 жылдан бастау алып, бүгінгі күнге дейін Қазақстандық  және  шетелдік мамандардың арқасында табысты түрде жүзеге асырылуда. Литвалық  профессор, балалар ортопеді Санюкас Кестутис «BI-Жұлдызай» корпоративтік қорымен бірнеше жылдан бері  жұмыс істеп келеді. Бұл жолы ол «BI-Жұлдызай»  КҚ  қарамағындағы жарымжан балаларға хирургиялық операция жасау және кеңес беру үшін Таразға  алғаш рет келіп тұр. Литва профессоры айтқандай, біздің мамандарымызды оқытуға мүмкіндік беретін тәлімгерлік бағдарламасы - операциядан кейінгі сүйемелдеу-оңалту жұмысының жемісін тезірек көруге мүмкіндік береді.
«BI-Жұлдызай» қайырымдылық қоры BI Group компаниясының бастауымен 2004 жылы құрылған. Оның басты мақсаттарының бірі - мүмкіндіктері шектеулі балаларға медициналық көмек көрсету және олардың өмірге әлеуметтік бейімделуі болып табылады. Нейро-ортопедиялық операциялардың көпшілігі  «Мүмкіндіктері шектеулі балалардың қорлары шексіз» медициналық - әлеуметтік жобасының аясында, тегін және қолжетімді түрде  өткізіліп келеді.





Пікір: 0
Пікір қосу