ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » » Шу ауданында мия тамырын өңдейтін зауыт іске қосылмақ

Шу ауданында мия тамырын өңдейтін зауыт іске қосылмақ

Шу ауданында мия тамырын өңдейтін зауыт іске  қосылмақ. Үдемелі индустриялды инновациялық даму бағдарламасы аясында іске асқан жобаның жалпы құны-900 млн. теңге.

Зауыт мия тамырын өңдеп, одан глицирин қышқылын шығармақ. Ол көзге, бүйрекке және тағы басқаларға арналған дәрі-дәрмек өндірісіне пайдаланылмақ. Дайын өнім Жапонияға экспортталмақ.
Нысан құрылысы 2014 жылы басталып, Жапония елімен бірлесіп салынуда. Бүгінде зауыт алаңының абаттандыру алаңының жұмыстары аяқталып, мамандар құрылғыларды іске қосуға дайындық жүргізуде.
Жоба толығымен іске асқан кезде мұнда 60 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Ол үшін 20 орындық жатақхана дайындалған. Ал еңбекке ауданның жергілікті тұрғындары тартылмақ.
Бүгінде зауыт қоймасында 100 тонна мия тамыры жиналып тұр. Нысан шикізатты өзіне бөлінген 5 гектар жер телімінен және жеке шаруа қожалықтарынан қабылдамақ.
Жылына 2500 мың тонна мия тамырын өңдеп, 25 тонна глицирин қышқылын шығаруды жоспарлап отырған "Kaz mia" ЖШС зауыты ағымдағы жылдың желтоқан айында іске қосылмақ. 

Пікір: 0
Пікір қосу